Негізгі бет  /  мақалалар  /  Полиция – қорғаның

Полиция – қорғаның

Айқын-ақпарат
1187
Полиция – қорғаның Азаматтардың өтініші жауапсыз қалмайды

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалында қостанайлықтарға өздерін толғандырып жүрген мәселелер бойынша облыстық ішкі істер департаменті қызметкерлерінен нақты жауап алуға мүмкіндік туды.

Бұл жолы азаматтарды об­лыс­тық ішкі істер департаменті бастығының орын­басары Нұри­дин Дауылбаев қабылдады. 
Азамат Виталий Гаан қыл­мыс­тық істі тергеудегі әрекет­сіздік пен уақытты созушылық жайлы шағымданды. Оның айтуына қарағанда, 2014 жылы қаладағы кафелердің бірінде оны күзетшілер ұрып-соққан. Бұл мәселе жөнінде бұдан бұрын облыс прокурорының орынбаса­рының қабылдауында болып, ол уәде бергенімен мәселе әлі тиісті шешімін таппаған көрі­неді. Оңтүстік ішкі істер бөлімінің қызмет­керлерінің сөздеріне сүйенсек, күзет­ші­лерден жауап алы­нады. Аптаның соңында жәбірленуші күдіктілермен бетпе-бет жүздесетін болады.
Ал азаматша Екатерина Де­мидова болса, учаскелік инс­пектордың әрекетсіз­дігіне арызданды. Соңғы үш жылда көр­ші­лері әрдайым мазасын алып келе жатқандығын баян­дады. Өйткені олар пәтерлерін жалға береді. Жалға алушылар шулап тыныштықты бұзады. Алайда оның арыз-шағымына құқық қорғау органдары тара­пынан нақты хаттама толты­рылып, тиісті шара қолданылмай келе жатқандығына көңілі тол­майтын­дығын жеткізді. 
Облыстық ішкі істер депар­таменті бас­тығының орынбасары Нұридин Дауылбаев оның өті­нішін тыңдай келе, қозғалып отырған жайға қатысты алдағы уақытта учаскелік инспекторды шақы­рып, хаттама құру жөнінде ойын білдірді. Ал егер оның тара­пынан әрекетсіздік бай­қалса, облыстық ішкі істер департа­ментіне өтініш-тілегін жеткізу керектігін айтты. Жалпы осы жүздесуде депар­тамент бас­шысының орынбаса­рына 10-нан астам азамат өтініш­пен келіп, нақты ұсыныс пен ақыл-кеңес алды. 
Оразалы ЖАҚСАНОВ,
Қостанай облысы