Негізгі бет  /  мақалалар  /  «Аграрлық сектор» бағыты талқыға түсті

«Аграрлық сектор» бағыты талқыға түсті

Айқын-ақпарат
1369
«Аграрлық сектор» бағыты талқыға түсті «Нұр Отан» партиясының Қарағанды облыстық филиалында партияның «Аграрлық сектор» бағыты бойынша сайлауалды бағдарламасының комиссия отырысы өтті.

Партияның облыстық фи­лиалы жа­нындағы комис­сияның міндеті – партия бағ­дарламасы бағыттарының жү­зеге асуына қолдау жасап, мемлекеттік бағ­дар­ламалар мен заңнамалық актілер бойынша ұсыныстар жасау. Комиссия құрамына мемлекеттік орган­дардың өкіл­дері, мәслихат де­пут­тары, шаруа қожалық­та­рының жетек­шілері кірді. Олар ауыл­шаруашылық сала­сындағы еңбек тиімділігін арт­тыру мен «Бизнес­тің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасын талқыға салды. Отырыста облыста дәнді да­қылдар мен ірі-қара малдың еті, сүт өнімдерін өндіру артқаны атап өтілді. Дегенмен қой мен ешкі басы күрт кеміген. Қой жүні мен етін өткізу күрделі мә­селеге айналғандықтан шаруа және фермерлік қожалықтар­ азайған.
Партиялық жетекші, Қара­ғанды облыстық мәслихаттың депутаты Геор­гий Прокоп фер­мерлердің атынан ұсы­ныс жа­сады. Ол мемлекеттен субсидия алу процесі мен оны қарау мер­зімін азай­туды өтінді. Күн тәр­ті­біндегі мәселелерді қарас­тырғаннан кейін, комис­сия мем­лекеттік органдарға тиіс­ті ұсынымдар дайындауға шешім қабылдады.

Ләззат ҚОЖАХМЕТОВА,
Қарағанды облысы