Негізгі бет  /  мақалалар  /  Жер бетіндегі сіз көрмеген таңғажайып 20 мекен (фото)

Жер бетіндегі сіз көрмеген таңғажайып 20 мекен (фото)

Айқын-ақпарат
13435
Жер бетіндегі сіз көрмеген таңғажайып 20 мекен (фото) Әлемнің 7 кереметі туралы жер шарының әрбір азаматы біледі. Бүгін біз ел көрсе таңғалатын ең ерекше 20 жерді саралап көрмекпіз.

Бұл туралы Life.ru жазды.

  1. Споттед-Лейк, Канада4444

“Ақтаңдақ көр” Британиялық Колумбияда орналасқан. Ол импрессионистердің қылқаламының бейнесіне ұқсайды. Көлдегі су ішуге жарамсыз. Онда микроағзалардың тек бірең-сараң түрлері кездеседі. Температура 43 градусқа жеткен кезде көл бетінде тұп-тура 365 шалқышқа пайда болады, яғни бір жылдағы күн санымен тепе—тең.

  1. Алыптар көпірі, Солтүстік Ирландия

7fb9b61f-648c-4d1e-ae9a-8e8704c47d34

Шамамен 60 миллион жыл бұрын жанартаудың қатты атқылауынан массаның бетіне балқытылған тау жынысы шықты. Қатты күйге түскен соң ол осындай таңғажайып нәрсеге айналды. Аңыз бойынша, мінсіз геометриялық формаға ие 37 000 колоннаны дәу адамдар (великан) құрастырған.

  1. Тора құдығы, АҚШ, Орегон штаты

5c01aae0-48ba-4f5f-a405-6e75bcc3fe34

Қатты дауылды болған кезде қатты соққыдан теңіздің соқпа толқыны үңірейген ойыққа айналған. Адам басқара алмайтын субұрқақтар, тонналаған судың шашырандылары, ерекше табиғи рельефтер, мұның бәріне Перпетуа мүйісінен қарауға болады, алайда қолайсыз ауа-райы кезінде ол адам өмірі үшін қауіп туғызуы мүмкін.

  1. Памуккале, Түркия

78a17216-ebd7-4ba0-a427-0f778ef9424c

Иераполис қаласындағы танымал террасалар мен үйінділер орналасқан бқл жер бүкіләлемдік ЮНЕСКО мұрасына кірген. Памуккаленің 17 бірдей аймағынан таза табиғи су алуға болады. Олардың әрқайсысындағы су температурасы 35 пен 100 градус аралығында болады.

  1. Хиллиер көлі, Аустралия

bb5c5b9b-ba9e-40f2-809f-b6912178f732

Бұл ерекше көл 1802 жылы Аустралияның ең үлкен аралдарының бірінен табылды. Бір жыл бойы аталмыш көл қанық қызғылт түсті болады. Оған рең беретін Дуналиелла балдыры мен микроағзалардың кейбір түрлері.

  1. Бадаб-э Сурт, Иран

9d59a055-b2e1-4ee2-882c-9bb2f4fb6539

Мың жылдықтар бойы құрылған Иранның солтүстігіндегі террассалар — табиғаттың қайталанбас ерекше құбылысы. Травертин — бұл әктастың бір түрі, ол кальций мен аққан судан құралады. Темір оксидтерінің салдарынан терассалар бал түсіне боялған.

  1. Тяньцзи таулары, Қытай

455b2827-c3c7-4a38-9fc8-91f09e1e3939

Таңғажайып мұнаралар жасыл орман мен мұнарлармен қоршалған. Тауға тек фуникулёрдің көмегімен шығуға болады. Ал аймақтағы талға шығып, «Аватар» фильмін ойлап табушыларды шабыттандыра түскен жерді көруге болады.

  1. Наска үстірті, Перу

4898cda4-e08a-4c53-9bc4-a4e40dadfc2b

Насканың байырғы тұрғындары ойып салған жануарлар мен геометриялық фигуралардың бейнелері әлі күнге дейін Оңтүстік Американың жұмбақ дүниесі болып саналады. Ол бейнелерді биіктіктен немесе жақын маңдағы мұнараға шығып көруге болады. Оның биіктігі 200 метрді құрайды.

  1. Бермуд үштағаны, Атлант мұхиты

31d6c663-a3df-4872-a865-0cdfefc84863

Әлемдегі ең құпиялы жердің аймағы 500 000 шаршы миль. Ол Бермудтар, Флорида мен Пуэрто-Риконың ортасында орналасқан. Аталған жерде адамдардың, тұтастай қайықтар мен ұшақтардың жоғалып кеткені туралы түрлі аңыздар кезедеседі.

  1. Сокотра аралы, Йемен

557f8397-7407-4dcb-a18a-b4daa7d7d0c5

Негізгі Африкадан 6 миллионнан аса жыл бұрын бөлініп шыққан бұл арал ғылыми-фантастикалық фильм түсіруге арналған декорацияға ұқсас келеді. Сокотрада өзіндік жеке экожүйе қалыптасқан. Сол себепті мұнда өсетін өсімдіктер мен ағаштар әлемнің басқа ешбір мекенінде кездеспейді.

  1. Қол шөлі, Чили

9a485c8a-2dd9-4cdc-aa26-617ea3025f51

Чилиялық мүсінші Марио Ираррасабаль — аталған өнер объектісінің Атакама шөлінің арасында пайда болуына жауапты болған адам. Ол адамның жан қиналысы туралы жұмыстарымен кеңінен танылған суретші. Ал мына жердегі қол жалғыздықтың белгісі саналады.

  1. Шоколадты төбе, Филиппины

95834fbd-d841-4345-94b7-32614f987459

Арал орталығындағы Бохоль елді мекенінде 1700 түрлі ерекше төмпешіктер пайда болған. Олардың биіктігі әртүрлі болса да, пішіндері ұқсас. Құдды барлығы бір адамның қолынан шыққандай. Алайда шындығында олай емес. ЮНЕСКО-ға сәйкес, олар тамшылаған жаңбыр суынан пайда болған және маржанды депозиттерден тұрады. Ал «шоколадты төбе» атауы бұл жерге ну орманмен қапталған бөктерлер жылдың ең құрғақ мезгілінде қоңыр түске боялған шақта берілген.

  1. Қызыл жағажай, Паньцзинь, Қытай

78fa8784-1b2f-420e-916d-74317ed36f39

Өте әдемі әрі бірқызық Паньцзинь жағажайын суэд балдыры басып кеткен. Күздігүні олар қызыл түске боялады. Ал келушілер үшін жағажайдың кішкентай бөлігі ғана ашық саналады. Адамдар теңізге алып баратын бір ғана көпір арқылы жүре алады.

  1. Құмыра аңғары, Лаос

84b29d54-6b89-4385-8568-4a86c4fc68ef

Алып құмыраға ұқсас мыңдаған тастар Сиангкхуанг ауылы аймағында орналасқан. Бұл ерекше түтікшелердің пайда болуы туралы негізгі теорияға сәйкес, бұлар кезінде адамдарды жерлеу рәсімінде қолданылған. Аңыз бойынша, құмыралардың ішінде алып адамдарға арналып күрішті шарап даярланған.

  1. Гоблин аңғары, Юта штаты, АҚШ

3de2493f-e3d6-4637-a9db-b38e6fe15bd2

Бұл Марстың беткі қабаты емес, бұл бар болғаны адам мекендемейтін Солт-Лейк-Ситиден 216 миль қашықтықта орналасқан жер.

  1. Китті аллея, Чукотка

27ce0d02-8607-4eff-9982-765b9f4966c7

Беринг теңізінде орналасқан Итыгран аралына әлемнің түкпір-түкпірінен туристер келеді. Мұнда гренландтық киттердің сүйектері мен жақтарынан жасалған ғимарат бар. Ғалымдар неліктен адамдардың мұны ойлап тапқанын сол күйі түсірдіре алмады. Аталған жерде жаппай құрбандық шалу рәсімі өткен болуы мүмкін деген болжам бар.

  1. Шыны жағажай, Калифорния штаты, АҚШ

cbde2358-c361-4d0f-b812-e3ea750713c5

Ұзақ жылдар бойы теңіз толқыны соққаннан кейін шыны тастар пайда болған. Өткен ғасырдың ортасында суда көп қоқыс жиналып қалған. Ал оның өңделген қалдықтары әлемнің миллиондаған туристерін өзіне шақыруда. Қазіргі уақытта аталмыш жерден жарқыраған тастарды алуға тыйым салынған.

  1. Париж үңгірлері, Франция

23afe590-d337-465b-ad6c-f1c473a4e797

Нағыз байырғы үңгірлер туннелдер желісін құрайды. Мұнда 6 миллионға жуық Париж тұрғындары жерленген. Көбінесе анонимді сүйектер мен бас сүйектер толып қалған зираттардан XVIII мен XIX ғасырлар аралығында алынған. Оның ешқандай мақсаты болған жоқ. Есесіне қазір бұл үңгірлер әлем туристерінің назарына ілігіп отыр.

  1. Флай, Невада штаты, АҚШ

e3cb37da-c821-4236-beb4-7ba7f640d485

Бұл құдды өзге планеталық гейзер секілді нәрсе, ол Блэк-Рок шөл даласында жеке меншік аймақта орналасқан. 1964 жылы энергетикалық компания ұңғыманы геотермалды суға бұрғылаған соң пайда болған.

  1. Тасиро мысық аралы, Жапония

eede60c7-1148-4fcb-878f-c7c674d28ec8

Бұрындары осы аралда мысықтарға ерекше құрмет көрсетілген. Себебі мысық жібек өндірісіне кесірін тигізетін тышқандарды аулап отырған. Аралға ит әкелу қатаң түрде тыйым салынған. Ал қазіргі уақытта аралдағы жабайы мысықтар саны жергілікті халық санынан асып түседі.

Stan.kz