Негізгі бет  /  мақалалар  /  Жерлеу рәсімінен соң 30 адам уланып қалды

Жерлеу рәсімінен соң 30 адам уланып қалды

Айқын-ақпарат
985
Жерлеу рәсімінен соң 30 адам уланып қалды  Қытайдың Сычуань провинциясында жерлеу рәсімінен соң екі адам мерт болып, тағы 30 адам аурханаға жеткізілді.

Жексенбі күні, 18 желтоқсанда Бачжун округінің тұрғындары бір ауылда тұратын азаматты жерлеу рәсіміне қатысқан. Sina.com.cn порталының хабарлауынша, жерлеу рәсіміне қатысушыларға таңғы ас ретінде орамжапырақтан дайындалған сорпа мен түрлі қоспалар берілген. Қонақтардың көпшілігі тамақтанған соң өздерін жайсыз сезініп, ауруханаға келген. Дәрігерлер олардың тағамнан уланғанын айтып отыр. Үш адам интенсивті терапияға жатқызылды. 2015 жылдың қаңтар айында Мозамбикте жерлеу рәсімінде сырадан уланып, 72 адам қайтыс болды. Полицияның мәліметтері бойынша, белгісіз біреулер сыраға қолтырауынның өтін қосып кеткен.

inform.kz