Негізгі бет  /  мақалалар  /  Голливудтік актриса Жа Жа Габор қайтыс болды

Голливудтік актриса Жа Жа Габор қайтыс болды

Айқын-ақпарат
1069
Голливудтік актриса Жа Жа Габор қайтыс болды  Жексенбі күні, 18 желтоқсанда Лос-Анджелесте (Калифорния штаты) голливудтік актриса Жа Жа Габор бақилық болды. Ол 99 жасқа қараған шағында жүрек талмасынан көз жұмды.

Габор Бель-Эйр ауданындағы өз үйінде қайтыс болды. Variety порталының хабарлауынша, актрисаны ауруханаға жеткізгенде, дәрігерлер оның көз жұмғанын анықтаған. Соңғы жылдары Габор ауруханаға жиі түсті. 2016 жылы ақпан айында өкпе жұқпасымен ауруханаға жатқызылды. 2011 жылы мамыр айында пневмония ауруы асқынған актриса Лос-Анджелес ауруханасының жансақтау бөліміне түсті. 2010 жылдың қараша айында актрисаның аяғынан тромб, кейінірек гангрена тауып, оң аяғын кесіп алып тастауға тура келді. Жа Жа Габор 1917 жылы 6 ақпанда Будапеште дүниеге келген. Ол Голливудтағы кино мансабын 1952 жылы бастаған. Актрисаның ең үздік рөлдерінің бірі - «Мулен Руж» мелодрамасындағы биші Жанна Авриль. Габор өзге де «Враг общества №1», «Печать зла», «Деревенщина в Беверли-Хиллз» және «Мы не женаты!» фильмдерінде де ойнады. Габор тоғыз рет тұрмыста болды, жеті рет ажырасты. Бір неке заңсыз табылды. Оның жалғыз қызы Франческа Хилтон 2015 жылы 5 қаңтарда 67 жасында дүние салды.

inform.kz