Негізгі бет  /  мақалалар  /  Таразда шатыр ұшты

Таразда шатыр ұшты

Айқын-ақпарат
956
Таразда шатыр ұшты Тараздың орталық алаңында шатырдың құлауы салдарынан ұлттық гвардияның төрт сарбазы жарақаттанды.

Төтенше жағдай 16 желтоқсан күні орын алған. Зардап шеккен сарбаздарды Тараздың №1 ауруханасына жеткізді.

 

Олардың арасында 20 жастағы Дылюк Юрий мен 19 жастағы Аженов Аман бас сүйегінің ауыр және орташа дәрежедегі жарақатын алып, бірден жансақтау бөліміне ауыстырылған.

Сондай-ақ, тізе буындары мен аяқ сирақтары зақымдалған 20 жастағы Бажен Юрий мен 18 жастағы Амангелді Диасқа амбулаторлық ем белгіленген.

Аталмыш оқиғаның видеосы Жансерік Тұрғынбектің Facebook парақшасына жарияланды.

Бұл алаңда Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған концерт өтуге тиіс болған. Алайда, Қазақстан Ұлттық гврдиясының "Оңтүстік" өңірлік басшылығы баспасөз қызметінің анықтауынша, сағат 17.30-да секундына 20 метр жылдамдықпен соғатын үлкен жел тұрған.

Айта кетерлігі, әскери қызметкерлердің уақытында шара қолдануының арқасында жергілікті халыққа зардап тимеген.

Нұр.кз