Негізгі бет  /  мақалалар  /  Қаза тапқан журналистер саны рекордтық көрсеткішке жеткен

Қаза тапқан журналистер саны рекордтық көрсеткішке жеткен

Айқын-ақпарат
872
Қаза тапқан журналистер саны рекордтық көрсеткішке жеткен Жыл басынан бері 21 елде 144 журналист опат болған. Мұндай мәлімет Press Emblem Campaign үкіметтік емес ұйымының жыл сайынғы баяндамасында жарияланды.

Ұйым дерегіне сүйенсек, бұл соңғы 10 жылдағы рекордтық көрсеткіш. БАҚ мамандары үшін ең қауіпті аймақтардың көш басында Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка тұр.
 
Биыл Иракта – 16, Сирияда – 14, Ауғанстанда – 12, Мексикада – 12, Йеменде – 9, Ресейде – 3, Украинада - 2 журналист опат болыпты. Ал, 29-қарашада Колумбиядағы автокөлік апатында бразилиялық 20 тілші ажал құшқан еді.
 
Бұған дейін төртінші билік өкілдерінің ең көп өлімі 2011 жылы тіркелген. Ол жылы әлемнің 39 елінде қызметтік міндетін атқарып жүрген 106 журналист мерт болған.
 

reactor.inform.kz