Негізгі бет  /  мақалалар  /  Ең қымбат көлік аукционға шығарылды

Ең қымбат көлік аукционға шығарылды

Айқын-ақпарат
1143
Ең қымбат көлік аукционға шығарылды Аңызға айналған 1962 жылғы Ferrari 250 GTO аукционға сатылымға шығарылды. Сауданың алғашқы бағасы 55 миллион долларды құрады, деп жазады шетелдік БАҚ.

Аталған көліктің 1962-1964 жылдары өндірілгенін атап өткен жөн. Бұл жылдары бар-жоғы 39 автокөлік шығарылған. Сонымен бірге, дәл осы модель әлемдегі ең қымбат автокөлік саналған. 2014 жылы Ferrari 250 GTO бәссаудада 38 млн. долларға сатылды. Бұл екі көліктің айырмашылығы кузовтың түсінде ғана. Аталған модельдің көпшілігі қызыл түсте өндірілген, ал көгілдір түсті Ferrari өте сирек кездесетіндіктен, бағасы да тым қымбат. Еске сала кетсек, Ferrari спорт көліктерін Халықаралық автомобиль федерациясының (FIA) GT3 санатындағы раллиге қатысу үшін өндірілген. 

 inform.kz