Басты  /  мақалалар  /  Фотокөрме Жетісу ғажайыптарын суреттеді

Фотокөрме Жетісу ғажайыптарын суреттеді

Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ
3940
Фотокөрме Жетісу ғажайыптарын суреттеді Алматыда «Esentai Mall» кешенінде Қазақстан Респбуликасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай белгілі фотограф Деонисий Мить «Жетісудың 12 інжу-маржаны» атты фотокөрмесін ұсынды,-деп жазады «Айқын.кз» тілшісі.

Автордың бірегей туындыларынан Жер жәннаты-Жетісудың көзтартар сұлу табиғатына сүйсіне қарап, ерекше тәнті боласың. Көпшілік көріп жүргенімен, фотограф көзімен түсірілген кескін картинаға айналып, алдыңнан шыққанда еріксіз сүйсінесің. Басы-аяғы 50-ден астам  фотосурет қойылған фотокөрмеде автордың табиғатқа деген шынайы сүйіспеншілігі мен Отанына деген шексіз махаббатының үлгісін аңғарасың.

Деонисий Мить шығармашылығы  - 1995 жылдан басталады. Аталған уақыттан бері оның 18 фотокөрмесі өткен. Ал биылғы көрмені Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнапты.

Ол түсірген суреттердің өзіне тән стильі бар.Табиғат тылсымдарын түсіру үшін суықта тоңып, ыстықта күйіп жүрген ол, тек бұлқынысқа толы шақта ғана ғажайып картина өмірге келетінің жасырмады.

Шара аясында сөз алған "Nikon Kazakhstan" компаниясының жетекшісі Динара Қожанова сөз алып, автормен бірлескен бірегей жобалардың алдағы уақытта да жалғасын табатындығын айтты.

Сондай-ақ, компания өкілдігі алдағы уақытта осы көрме аясында Nikon фотоаппаратының жаңа үлгілерімен жұмыс жасау бойынша тегін шеберлік сағатын жүргізетінін жеткізді.

Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ,

суреттерді түсірген автор