Негізгі бет  /  мақалалар  /  Эйфель мұнарасы жабылды

Эйфель мұнарасы жабылды

Айқын-ақпарат
840
Эйфель мұнарасы жабылды Парижде Эйфель мұнарасы жабылды. Себебі ұйым қызметкерлері жұмысқа емес, жаппай шеруге шығып кеткен.

Осының кесірінен алдын ала билет сатып алған көптеген туристер нысанға кіре алмай кері қайтты. Мұнарада қызмет көрсететін 300-дей адам еңбек жағдайын жақсартуды және жалақыны көбейтуді талап еткен.

Айта кеткен жөн, Париждегі әлемге танымал орындар жанында наразылық шаралары жиі өтіп тұрады. Жалпы, Эйфель мұнарасына жыл сайын 6 миллионнан астам турист келеді. Оның 80 пайызы – шетелдік азаматтар.

 

Хабар 24