Негізгі бет  /  мақалалар  /  КСРО қайтып келе ме?

КСРО қайтып келе ме?

Айнұр Қазыкенова
1185
 КСРО  қайтып  келе  ме? «Кеңес одағы жоқ! Бірақ құрамына баяғы республикалар кіретін және баяғы шекара бойынша жаңа Одақ құрылуы мүмкін. Онда да ерікті түрде».

Бұл кешегі күнше күркіреген айбынды, «мызғымас  одақ» саналған Кеңес  елінің бірінші және соңғы президенті болған Михаил Горбачевтің  ТАСС агеттігіне  берген сұхбатынан  үзінді. Иә, КСРО-ның бұрынғы президенті  солай  дейді. Баяғы Кеңестік Социалистік  Респбликалар Одағы  қайтадан бүр жарып, гүлденбек көрінеді.

 «Мен Одақтың өмір сүруі үшін соңына дейін күрестім. Реформа  жасадым,  жаңартуға тырыстым.  Бұл  қажет  еді. Бірақ...» деп өкінеді  КСРО-ның бұрынғы президенті. Дегенмен КСРО-ны  қайтадан  қалпына  келтіру мүмкін  бе? «Иә, мүмкін» деседі  кейбір  сарапшылар. «Оның алғашқы  қадамдары  да жасалып жатыр. Мәселен,  Кедендік  одақ, Еуразиялық экономикалық одақ. Әзірге  ұйымға мүше елдер  қарасы аз болғанымен, жүре келе қосылатындар  бар. ЕАЭО бүгінгі күні тек экономикалық мүддеге негізделгенімен, уақыт өте келе саяси мәселерді де таразыға тарта бастары сөзсіз. Демек, бұл Одақ экономикалық қарым-қатынаспен шектеліп  қалмасы анық. Мұның үстіне осыған кіретін елдердің барлығы Ұжымдық  Қауіпсіздік шарты  ұйымына кіретіні белгілі. Демек, алдағы уақытта ЕАЭО экономиканы  да,  саясатты  да,  әскери  саланы да бір одақтың  ішіне  жинайтын  бірлестік болмақ. Бұл кешегі  КСРО-ның елесін  беретіні рас»-дейді олар. Мүмкін. Өйткені ЕАЭО құжаттарына назар салар  болсақ, әр елдің ұлттық  парламентінің үстінен  қарайтын  ортақ парламент, ортақ валюта мәселелерін  бірте-бірте енгізу көзделген. Дегенмен,  КСРО-ны  қайта  қалпына  келтірмек  тұрмақ, ЕАЭО-тың өзіне  қарсылар жеткілікті. Мәселен, 2012 жылы  сол кездегі АҚШ Мемхатшысы Хиллари Клинтон  ашық  түрде: «қазір кеңестік құрылымды жаңғыртқысы келуге  қадам  жасалуда. Алдымен  Кедендік  одақ, Еуразиялық экономикалық одақ т.б. Мұның түбі қайда апаратынын білеміз.Сондықтан ондай одақ салтанат құруына қарсымыз. Демек  бар  күшті соған жұмсаймыз, болдырмаймыз»-  дегені бар. Батыс  елдері  әлі де  сол  мақсатта  жұмыс  істеп  жатыр. Михаил Горбачев айтқандай дәл КСРО  қайталамаса да сол секілді  жаңа одақ  ТМД кеңістігінде  бой  көтеруі мүмкін бе? Жауап  беру  қиын. Өйткені  тәуелсіздіктің  дәмін  татып  қалған  мемлекеттер  қайтадан әрең  қол  жеткен  тәуелсіздікті өзгеге  ұстата  қоюы  екіталай. Әрине  экономикалық,  сауда-саттық, мәдени   қарым-қатынас  жалғаса  берер. Бірақ  саяси  тәуелсіздікті ешкім ешкімге  бермесі анық.