Басты  /  мақалалар  /  Салық төлейтін фрилансер

Салық төлейтін фрилансер

Жадыра Аққайыр
4491
Салық төлейтін фрилансер Елімізде өз ісінің кәсіби маманына айналып, халыққа танылып жүргендер баршылық. Олар сүйікті ісін хобби емес, күнделікті табыс көзіне айналдырып үлгерген. Сондай мамандардың бірі – Тимур Бектұр. Жеке академиясын ашып, тегін оқыту курстарын жүргізіп жүр.

Аталған саланың еркін кәсіпкеріне айналған кейіпкеріміз – өзі би, өзі қожа. Яғни, соңғы кезде трендке айналған фрилансер. 

– «Фрилансермін» дейтіндер көбейді. Олар кімдер?
– Бірінші кезекте ол – ресми қызметі жоқ, сөйте тұра қаражат тауып, отбасын асыраушы. Сондай-ақ фрилансерді еркін кәсіпкер деп атар едім. Бірақ біздің түсі­нік­те ол көбіне салық төлемейтін, қо­сым­ша жұмыс істейтін адам ретінде суреттеліп жүр. Яғни, бос уақытында, көп жағдайда сенбі-жексенбі күндері, түн мезгілінде түр­лі қызметтеріне ақы алатын, одан бө­лек тұрақты жұмысы бар адамдар. Бас­қаша айтқанда, Қазақстанда фри­лан­сер­лерді екіге бөліп қарастыруға болады. Бірі – жоғарыда айтып өткендері болса, екін­ші­сі – мен сияқтылар.
– Сіз демек, нағыз «еркін кәсіпкерсіз» бе?
– Иә, мен сияқты толықтай бос адам­дарды екінші топ деп қарастырайық. Олар ешкімнің қол астында жұмыс істе­мейді, жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, салық төлейді. Барлық атқаратын жұ­мыстарға құжат түрінде келісімшарт жасасамыз. Бірақ жеке адамдармен жұ­мыс істегенде кейде қолма-қол есептесіп немесе тіпті тегін жасап беретін кездер де жиі болып тұрады. Маған фрилансерліктің ұнайтын тұсы – бесаспап маман етіп шы­ғаратындығында. Яғни, өзің бастық, өзің есепші, өзің атқосшы әрі қара жұмысшы­сың. Одан қала берсе, бір ізге, бір жүйе­ге түсуіңе көмектеседі. Соңы ме­­­­неджментпен айналысуға әке­ле­ді. Жалпы, еркін кәсіпкерлікті қол­ға алған адам үшін үш жыл мер­зім болады. Сол уақыт ішінде ол не өседі, не өшеді. Өскені ісін әрі қарай домалатып, компания ашып, қарамағына қызметкерлер алады. Өшкені – сол бұрынғы бес күндік қызметімен қайта қауы­ша­ды. Шыны керек, бірнеше жобаны, бір­неше келісімшарттарды қатар алып жүруге тура келеді. Одан қала берсе, түрлі кедергілер мен мәселелер туын­дайды. Дегенмен фрилансерліктің ұтым­ды тұсы да осында. Адамды көп нәр­сеге тәрбиелейді. 

Тәуекел ете білу керек
– IT-маманы десе, сайт жасаушы ғана елестейді. Бұл қаншалықты дұрыс пікір?
– Мәселен, заңгер мамандығы бар. Ол өз ішінде нотариус, прокурор, қорғаушы, жыл­жымайтын мүлікпен, отбасылық мә­селелермен айналысатын мамандар бо­лып бөлінеді. Яғни, бірінің жұмысына екін­шісі араласпайды. Тіпті түсінбейді десе де болады. Сол секілді «компьютерім бұзылып қалып еді, сен арнайы мамансың ғой, жасап берші» деу қателік. IT-дің тек техникалық жағымен айналысатын жүйе­лік инженерлер немесе желілік әкімшілер болады. Екінші тобы – код жазу, бағдар­ламалаумен жұмыс істейді. Тағы бір сала – телефония. Олар телефон желісін, теле­конференциялар жасайды. Менің көбірек маманданған салам – техникалық жағы. Маған қандай да компьютер тілдерін айт­қанда, білмей қалсам көбі таңғалып жа­та­ды. Сондай-ақ бағдарламашыға  «сер­ве­рім жасамай қалды» деген мәсе­ле­мен ба­рып, бос қайтуы мүмкін. Яғни, бұл қор­ғаушының нотариус бола алмайтыны сияқты дүние. Соңғы уақытта IT-дың қы­­зықтырып жүрген тағы бір саласы бар. Ол – IT менеджмент. Жалпы, осы саланы бас­қару, құжаттармен айналысу, жобалар жа­сау. 
– Өз басым тұрақты жалақы болмаған соң, көз жұмып фрилансерлікке кетуге дайын емеспін. Тәуекелге қалай бардыңыз?
– Ұжымдық жұмыста 5 жыл қызмет еттім. Шетелдік компания болғандықтан айлығым сол кездің өзінде 300 мыңнан жо­ғары болды. Одан бөлек жылына 20 мың долларға оқытатыны бар. Қазір соның арқасында халықаралық деңгейдегі сертификаттарға ие маманмын. Бір сөз­бен айтқанда, жеке кәсіпке кетуге итер­мелеген тұрмыстық қиыншылықтар бол­­мады. Мәселенің барлығы сол уайым-қай­ғының жоқтығында еді. Табиғатымнан ты­ныш жүре алмайтын адаммын. Біреу­лер­ге пайдам тигенін жақсы көріп тұр­а­мын. Ал жұмыс орнымда зеріге бастадым. Олар менің барлық уақытымды сатып алып, басыбайлы меншігі етті. Іштегі энер­гияны жұмсау керек еді. Себебі өзімді жай «пешка» сезіне бастадым. Яғни, үл­кен бір механизмнің кішкене бөлшегі ға­на едім. Содан ойлана келе 2013 жылы түбе­гейлі жұмыстан шықтым. Түсінгенім – тәуекел ете білу керек екен. Осы жұмыс­ты алғаш бастағанда көп нәрсені ескермеу, ақшаны дұрыс есептемеу салдарынан қиын­шылықтар туындағанын жасырмай­мын. Бірақ неғұрлым қатты қиналған сайын Алла Тағала күтпеген жерден ри­зық жібереді. Сонымен бірге, тығырыққа тірел­генде бойыңдағы басқа қабілеттердің ашыл­ғанын байқайсың. Себебі өзге ама­лың жоқ, отбасын асырауың керек.
Балаға смартфон ұстатпау – абсурд
– Фрилансердің отбасы қандай болады?
– Тәулігіне 24 сағат, апта­сына 7 күн, жыл бойы жұмыс іс­тей­тіндіктен оңай емес. Түн­гі сағат үште тұрып сайт­тың олқы­лықтарын жөндеу ке­рек болып қалады. Он­дай­ға отбасымыздың ендігі еті үйренген. Олар мен­де «демалыс немесе дүйсенбі» деген ұғым жоғын біледі. Бір жақ­сысы – үнемі от­ба­сың­ның жа­нын­да боласың. Де­генмен кез келген уа­­қыт­­та басқа елге не бас­қа қа­лаға кетіп қалуың мүм­­­кін бо­лып тұрады. Мысалы, ағайынның үйіндегі туған күнге келіп, табал­дырық­ты аттай сала шұғыл жұмыс шығып қа­ла­ды. Амал жоқ, ке­рі қайтуға тура келеді. 
– Интернетте Стив Джобстың өзі балаларына 13 жасқа дейін телефон ұстат­па­ған деген мәлімет тарады. Оның қан­шалықты рас екені маңызды емес. Десе де, сіздің пікіріңіз қандай?
– Бұл ақпаратқа үлкен күмәнім бар. Рас болған күннің өзінде бұл – абсурд. Ай­талық, бұрын бізге көзің ауырады деп Sega ойнатпайтын. Технология бар, көр­шінің баласына рұқсат – саған болмайды. Яғни, біздің кезімізде қолымыз жетпеген нәрселер, тыйым салынған дүниелер көп еді. Енді біз сол қателіктерді қайталамауы­мыз керек. Бүгінгі заман – технологияның да­мыған кезеңі. Қазіргі ұрпақты сол се­бепті Youtube Generation деп атаймын. Жағ­дайың жете ме – Iphone 7 алып бер. Ол қолыңнан келмесе, балаңа мәселені тү­сіндіріп, арзанырақ смартфон сатып ала­сың. Қатардан қалмаудың қанша­лық­ты дұрыс екенін білмеймін. Бірақ бүгінгі за­манның талабы – осы. Интернет техно­логияны, ағылшынды меңгерген бала бол­сын десеңіз – смартфон алып беруіңіз­ге тура келеді. Әрине, қатал болып, «кір­піш» телефон ұстатып қоюға қау­қа­рыңыз жетеді. Үйге компьютер алмай, ол болса да интернет қоспай, жабайы етіп ұстай ала­сыз. Бірақ ол жағдайда бала шын мә­нінде, «жабайы» боп өседі. Ондай бол­масын десеңіз, бақылауда ұстай отырып, технологияның мүмкіндіктерін пайда­лану­ды үйретіңіз. 


 

Жалпы алғанда, өмірде тегін деген түсінік жоқ. Тегін деген – басқа жерде шығын шығып жатыр деген сөз. Мысалы, екі сағат тегін вебинар өткіздім дегенім – кәсіпкер ретінде екі сағатымды далаға жібергенім. Себебі ол уақытта не ұйықтап алып, не отбасыма арнауыма, біреудің жұмысын істеп беріп ақша табуыма болар еді. Яғни, қай жағынан алсақ та шығынға баттым. Тегін дегені қатысушыларға ғана. Адамдар осыны ұқса, құрметтесе екен.

 



– Жұмысыңызға талдама жасайты­ныңыз анық. Осы күнге дейінгі жобалардың ішінде көңіліңізден шыққаны қайсысы?
– Ең сүйікті жобам – IT-тірлік. Бір қа­телігім – ерте бастап қойғаным шығар. Се­бебі, бастаған кезде смартфон болмады, ин­тернет өте қымбат еді. Яғни, халық ин­тернетке келмей тұрып бастап қойдық. Соның кесірінен энтузиазм, барлық күш-жігерімізді ерте сарқып тастадық. Бірақ көңілімнен толық шығатын жобам осы. Одан кейінгісі қазақша электронды кітап­тар жобасы – epub.kz. Бірақ нарықта үл­кен ойыншылар пайда болып, соның кө­леңкесінде қалып қойды. Қазіргі өзім бел­сене кірісіп жүргенім – Timur Academy. Яғни, халыққа түрлі тегін курстар ұсы­намыз. 

Өмірде «тегін» деген ұғым болмайды
– Шыны керек, бүгінде тегін курстар өте көп. Сол жерде білім алғандар үшін пайдалы болып жатқандары да санаулы. Бәлкім, тегін болғаны үшін де келушілерге құнсыз болатын шығар. Егер ақша төлеп оқыса, барын салар еді. Қалай ойлайсыз?
– Дұрыс айтасыз, бұл – адамның бойын­дағы психологиялық кедергі іс­петтес. Яғни, тегін деген сөз – сапасыз, не сылдыр су сияқты көрінеді. Бірақ біз­дің жағдайда келушіге бәрін түсіндіреміз. «Біз­ге екі күн келіп оқып, уақытыңды шы­ғындайсың. Сол уақыт аралығында са­ған мынаны үйретеміз» деп нақты көр­сетеміз. Осылайша, алғышарттармен та­ныс болады. Кейін ойлана келе, мұны да­мытқан жөн бе, жоқ па деген сауалға жауап береді. Бас тартса да, жалғас­тыра­мын десе де біз үшін бұл – жеңіс. Яки, біздің көмегімізбен бір адам болса да өзі үшін бір жолды айқындайды. Біз көбіне жас­тарға, жұмыссыз жүргендерге, жағ­дайы төмен адамдарға бағытталып жұмыс істейміз. Негізі, тегін дегенге өзім өте қарсы адаммын. Бірақ қарап отырсам, жо­баларымның көпшілігі тегін екен. Сөй­те тұра өзім ақылы курстарға бара­мын. Соларға барған сайын «мынау сол мен тегін айтып жүрген дүние ғой» деп қаламын. Үкімет болсын, өзіміз сияқты азаматтар болсын тегін үйретіп жатқан сәтті пайдаланып қалса екен. Күндердің күнінде өзіме баға қоятын боламын. Жалпы алғанда, өмірде тегін деген түсінік жоқ. Тегін деген – басқа жерде шығын шы­ғып жатыр деген сөз. Мысалы, екі сағат тегін вебинар өткіздім дегенім – кәсіпкер ретінде екі сағатымды далаға жібергенім. Себебі, ол уақытта не ұйықтап алып, не отбасыма арнауыма, біреудің жұмысын істеп беріп ақша табуыма болар еді. Яғни, қай жағынан алсақ та шығынға баттым. Тегін дегені қатысушыларға ғана. Адамдар осыны ұқса, құрметтесе екен. 

 



Бүгінгі заман – технологияның дамыған кезеңі. Қазіргі ұрпақты сол себепті Youtube Generation деп атаймын. Жағдайың жете ме – Iphone 7 алып бер. Ол қолыңнан келмесе, балаңа мәселені түсіндіріп, арзанырақ смартфон сатып аласың. Қатардан қалмаудың қаншалықты дұрыс екенін білмеймін. Бірақ бүгінгі заманның талабы – осы.

 



– Уақыттан бөлек, қаражат та кетіп жатыр. Осы мәселені қалай шешіп отырсыздар?
– Біздің түпкі мақсат – ақша табу емес. Бұл жобаны әлеуметтік бизнес модель деп қарастырған жөн. Әлеуметтік мәселені шеше отырып, пайда табу. Сіз балабақша тапшылығын шешу үшін балабақша салдыңыз. Классикалық бизнесте өзіндік құнынан бірнеше есе артық ақша алады. Екі баламды бір айға 55 мың теңге тұратын балабақшаға 4 ай бергенім бар. Қарап отырсам, 400 мың теңге кеткен екен. Ал негізі кететін шығын одан әлдеқайда аз болады. Әрі кетсе, 20 мың теңге болар. Жасанды түрде бағаны көтеру арқылы қоғамда әділет­сіздік орнайды. Екі ортада халық жапа шегеді. Анда барса да, мында барса да – қымбатшылық. Экономикалық құрылым осыдан барып бұзылады. Ал әлеуметтік кәсіпкерлер өзіндік құнның  айналасын­да жұмыс істейді. Егер курстың таза ба­ғасы 10 мың теңге болса, басқалар тағы 20 мың теңге пайдасын қосады. Ол сол ақ­шаға нан жеп жүрсе, үстіне май жақ­қысы келетіндердің ісі дер едім. Сөйтіп, ақыры курс 30 мың теңге болып шыға ке­леді. Ал біздер, сол нан жеп жүре бе­рейік, есесіне, халыққа пайда тисе деп тұрамыз. Бар айырмашылық осында. Ал енді қаражат мәселесін қалай шешіп жатырсыз деген сауалға келейік. Бізде сабақ беретіндермен осы істі қолға аларда сөйлестік. Бастапқыда ерікті түрде, тегін сабақ беруге келісті. Әрі айтқанымдай, жағдайы төмен отбасыларға көмектескіміз келеді. Жанұяда 3 баласы бар адамдар әр баланы 10 мың теңгелік курстарға жібере алмауы мүмкін. Кім біледі, бәлкім солар­дың ішінде болашақ Ыбырай, Қаныштар бар шығар? Соларға көмектесуді мақсат тұтамыз. 

Тимур Бектұрдың сөмкесінде жүретін заттар


 

– Сіздің орталықта қандай курстар бар?
– Ағылшын тілін үйрететін, IELTS ем­ти­хандарына дайындайтын тіл курс­тары, бухгалтерлік есеп негіздері, бағдар­ла­малау, робототехника, интернет-мар­кетинг, бизнес модельдеу және қаржылық сауаттылық бойынша оқыту курстары бар. Осы дүйсенбіден бастап 6-10 жастағы балаларға арналған ағылшын тілі курсы ашылды. 
– Осынша курстарды тегін оқытқанда инструкторларға айлықты қалай тауып беріп отырсыз?
Әзірге бізге Samruk – Kazyna Trust әлеуметтік жобаларды қолдау қоры біздің оқыту орталығының оқытушыларына айлық беру арқылы өзінің қолдауын білдіріп отыр. Яғни осының арқасында әрбір курсқа 20 адамға дейін тегін оқыта аламыз. Сәл аяққа тұр­ған соң ақылы түріне де көшерміз. Бүгінде Жаңаөзенде бір орталығымыз бар. Ал ал­дағы уақытта, ақпан айларында орта­лықтың Астанада филиалын ашуды жос­парлап отырмыз.