Негізгі бет  /  мақалалар  /  70 келі алтынды алып қашты

70 келі алтынды алып қашты

Айқын-ақпарат
951
70 келі алтынды алып қашты Франция полициясы Лионнан оңтүстікке қарай инкассатор фургонына шауыл жасап, 70 келі алтынды алып қашқан төрт қарақшыны іздестіруде.

Бұл туралы Baq.kz ВВС-ге сілтеме жасап  хабарлайды.

 

Шабуылшылар фургонды өз көліктерімен көлегейлеп, ішіндегі құны 1,6 млн долларға баратын алтынды тонап кеткен, ал күзетшілерін сол фургонның ішіне жауып кетеді.

Қылмыс орнынан қашқандар іздерін жасыру үшін өз көліктеріне от қояды. Тілсіз жау маңайдағы басқа көліктерге де шарпып, үлкен өртке айналған. Қуанышқа орай, оқиға орнына келіп жеткен полицейлер фургонда қамалған күзетшілерді дер кезінде босатып үлгерген.

«Қолда бар дәйектер – өртенген көліктер мен күзетшілер қамалған шағын автобус қана. Қаскөйлер іздерін жасыру үшін, сондай-ақ полицейлердің жұмыстарына кедергі келтіру үшін көлік кептелісін жасау мақсатында өз көліктерін өртеп жіберген», - деді жергілікті полиция қызметкері Оливье Ригаль.

Оқиға Париж бен Лионды жалғайтын А6 автомагистралінде орын алған. Қылмыскерлерді іздестіру жұмыстары жалғасуда.