Негізгі бет  /  мақалалар  /  Роналду төртінші рет «Алтын доп» иегері атанды

Роналду төртінші рет «Алтын доп» иегері атанды

Айқын-ақпарат
1103
Роналду төртінші рет «Алтын доп» иегері атанды Португалия ұлттық құрамасы мен мадридтік «Реалдың» үздік сұрмергені Криштиану Роналду 2016 жылғы «Алтын доптың» иегері атанды. Футболшы бұл марапатты төртінші рет жеңіп алды.

Биылғы «Алтын доп» иегерін «France Football» басылымы анықтады. Жылдағыдай Халықаралық футбол қауымдастықтары одағының (ФИФА) мұрындық болуымен өткен жоқ. Бұрынғы француз басылымының ережесі бойынша анықталды. Яғни, «Алтын доп» иегерін анықтауға тек тілшілер ғана қатысты, деп жазады Массагет.кз.

2016 жылғы «Алтын допқа» 30 футболшы үміткер атанды. Олардың ішінен португалдық ойыншы үздік саналып отыр. Ол өткен маусымда «Реалмен» Чемпиондар лигасы, ұлттық құрамада Еуропа чемпионы атанды.

Криштиану Роналду «Алтын допты» осыған дейін үш рет иеленді. Ал Лионель Месси бес рет жеңіп алған жалғыз ойыншы.

 

ҚазАқпарат