Негізгі бет  /  мақалалар  /  Леонардо да Винчидің туындысы табылды

Леонардо да Винчидің туындысы табылды

Айқын-ақпарат
881
Леонардо да Винчидің туындысы табылды Белгісіз зейнеткер аукционнан үйіне әкелген бірнеше туындының арасынан әулие Себастьянның бейнесі де болды.

Парижде құны 15 миллион еуро деп бағаланған Леонардо да Винчидің туындысы табылды. The Telegraph газетінің жазуынша, өзін аноним етіп көрсетуді өтінген дәрігер-зейнеткер Орталық Францияда өмір сүрген әкесіне тиесілі бірнеше көркемсурет туындыларын Tajan аукцион үйіне әкелген. 15 суреттің арасынан бәссауда үйінің қызметкері Тадди Прат ағашқа байланған әулие Себастьянның бейнесін көрген. Белгілі болғандай, сурет тушьпен салынған. Сараптама бойынша, суреттің 1482-1485 жылдарға және Леонардо да Винчиге тиесілі екені анықталды. 

 

ҚазАқпарат