Басты  /  мақалалар  /  ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰҒЫРЫНДА

ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰҒЫРЫНДА

Айқын-ақпарат
1810
ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰҒЫРЫНДА Ғасырлар бойы елдікті аңсап еркіндікті сүйіп өткен, бүгінде азат ел – Қазақстан Республикасы атанған ұлан-ғайыр мемлекетіміздің Тәуелсіздік алып, өзінің көк байрағын желбіреткеніне де, міне 25 жылдың жүзі болды.

Тағдырдың тезінен, тозақтың өзінен аман өтіп, өзінің кең байтақ жерін ұрпаққа аманаттау үшін, бұл жолда бабаларымыз үкілеген үміттерін ақ найзаның басына үкі ғып тағып, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, басын бәйгеге тігіп күресе білді. 

Бүгін міне, батыр бабаларымыздың біздерге мирас қылып аманаттап кеткен Тәуелсіздік таңының атқанына 25 толып отыр. Тарихи өлшем тұрғысынан алғанда бұл аса ұзақ уақыт болмағанымен, осы кезең ішінде еліміз әлем танырлық тұ­шым­ды істер атқара білді. Қазақстанның геосаяси жағдайын, алып империя құла­ған­нан кейінгі елдегі әлеуметтік-эко­но­ми­калық ахуалды еске түсірсек, тәуелсіз азат елді қалыптастыру, оны тұрақты даму даңғыл жолына салу – ерлікке пара-пар іс еді. Бұл ретте еліміздің Тұңғыш Прези­ден­ті, ұлт Көшбасшысы, Қазақстан Қарулы Күш­­терінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұр­сұлтан Назарбаевтың кемел саясаты мен көрегендігін атап өтпеске, ерен ең­бе­гін ескерусіз қалдыруға болмас. Елба­сы­мыз­дың салиқалы стратегиялары негі­зінде мемле­кетімізде демократия орнады. Елі­мізде социалистік жүйе жойылып, шы­на­йы демократия қағидаларына негіз­дел­ген жаңа жүйе пайда болды. Соның арқасында экономикамыздың дамуы жаңа формация­ға көшті. Өзіміздің ұлттық төл теңгеміз, Елтаң­бамыз, Туымыз, әнұранымыз және Ата Заңымыз – Конституция қабылданды. Есіл бойындағы еңселі қала – көркіне көз тоймас Астанамыз бой көтерді. Қазақстан тұ­тастай әлемдегі экономикалық, саяси процестерге белсене қатысты, сол арқылы БҰҰ, ЕҚЫҰ, ИКҰ сынды іргелі халық­ара­лық құрылым­дардың сыйлы мүшесіне ай­налды. 
Тәуелсіздік алған алғашқы кезеңнен бастап елдің қоғамдық қауіпсіздігімен ішкі тәртібін күзету, түзеу мекемелері мен аса маңызды нысандарды қорғау мақсаты мемлекетіміздің алдындағы маңызды мақсаттардың бірі болып тұрды. Осы мақ­сатта 1992 жылдың 10 каңтарында Елба­­сы­мыздың Жарлығымен Қазақстан Рес­публикасында Қарулы Күштерден алғаш болып Ішкі істер Министрлігінің Ішкі әс­керлері құрылды. Өйткені еліміздің қауіп­сіздігі мен тыныштығын қамтамасыз ету­ге қатысты мәселелерді ел Президенті әр­да­йым басты назарда ұстады. Тіпті елі­міз­­дің осы күнгі жемісті жолының бас­та­уы бо­лып саналатын «Қазақстан – 2030» стра­т­егия­лық бағдарламасында Мемлекет бас­шысы: «Бостандық пен тәуелсіздікті же­ңіп алу жет­кіліксіз, оны табанды түрде қор­ғап, ны­ғай­тып, ұрпақ­тар­ға қалдыру қа­жет. Егер біз өз мемлекет­т­іл­і­гімізден айы­­­рылып, егемен­дігіміздің негіздерін, өз жер­леріміз бен ресурста­ры­мыз­­ды қолы­мыз­­дан шыға­рып алсақ, бізге кешірім жоқ» деп атап өткен бола­тын. Осы орайда айрықша назар ауда­рар­лығы Елбасы Н.Назарбаев тәуел­сіз­дік ал­ған­нан кейінгі құқықтық тәртіпті қамта­ма­сыз етуге жіті көңіл бөле отырып, еге­­мендік деклара­ция­сы жария­ланғаннан кейін небары 26 күннен кейін мемлекетіміз­де алғашқы күш-қуат органы ретінде Ішкі әскерді құрғаны біз үшін мақтаныш және мемле­кет тарапынан көр­се­тілген айрықша се­нім. Сол 1992 жылғы 10 қаңтарынан бас­тап Ішкі әскердің жеке құрамы алға қо­й­ылған тапсырмаларды лайықты түрде орын­дап, жеке адам мен азаматтың конс­ти­туциялық құқығын, қауіпсіздігін, қоғам құн­дылықтарын, мемлекет тұрақтылығы мен тыныш­ты­ғын қауіп-қатерлерден жан-жақ­ты қорғау жолындағы жауапты қыз­метіміз тек қана құқықтық шеңберде іске ас­ып келеді. 
Әскеріміздің әлеуетін көтеру мақса­тында Елбасы Жарлығымен 2015 жылдың 21 сәуірінде «Қазақстан Респуб­ликасының Ұлт­тық ұланы туралы» Заң қабыл­данып, Іш­­кі әскерге Ұлттық ұлан мәртебесі бе­ріл­ді. Сол арқылы тыныш­тықтың тұғы­рын­да тұр­­ған күш-қуат құры­лымына заң аясында жаңа арнайы міндеттер жүктелді, қызмет­тің нақты тармақтары мен мақ­саттары ай­қын­­далды, әскери құрылымның мәр­те­бе­сі жо­ғарылатылды. Өздерінің даяр­лы­ғын, кәсіби білікті­ліктерін жоғарылату, тәжі­рибелік білімдерін  арттыру арқылы ұлан­дықтар күш-құрылым органдары ара­сында лайықты орнын алды.  Ел Тәуел­сіз­дігімен қатар, тыныштық пен тәр­тіп тірегі – Ұлттық ұланның құрылғанына да 25 жыл тол­ды. Бүгінгі таңда ұландықтар халқы­мыз­дың сенімді қорғанына айналды. Тә­уел­­сіздік алған жылдан бері қарай Қа­зақ­стан Республикасының аумағында ішкі тұ­рақ­тылықтың берік сақталуын – Отанын ана­сындай сүйген әрбір ұландық жауын­гер­дің антына адал болып, атқарған қыз­ме­­тінің нәтижесі деп білемін. 
Халқымызда «Ер – елінің қорғаны» де­ген  аталы сөз бар. Осынау 25 жыл бойы құ­­қықтық тәртіп пен қауіпсіздікті, елі­міз­дің тұрақтылығы мен жеріміздің тұтас­тығын және Еліміздің басты құндылығы – Тәуел­сіздікті Ұлттық ұлан әскері Ел­ба­сы­мыз айт­қандай «Көздің қарашығындай қор­ғауға» қашан да  әзір. Жақыны мен жат­қа бей­бітсүйгіш, меймандос ниетімен т­а­нылған асыл халқымыздың асқақ мұ­ра­ты – ел Тәуелсіздігі мәңгілік баянды бол­ғай!  


Әлібек СЕРӘЛИЕВ,
 генерал-майор, ҚР Ұлттық ұланы «Оңтүстік» 
өңірлік қолбасшылығының қолбас­шы­сы