Басты  /  мақалалар  /  Тағдырдың теңдессіз сыйы

Тағдырдың теңдессіз сыйы

Айқын-ақпарат
1311
Тағдырдың теңдессіз сыйы Әлемде кез келген полиэтносты мемлекет өз еліндегі этносаралық қатынастардың дара моделін теориялық жүзінде анықтап, практикада оны жүзеге асырады.

Бұл полиэтносты мемлекеттер үшін шынайы жағдайларға үйлесетін және өте қажет етілетін шешімдердің бірі болып саналады. Осы айтылған этносаралық қатынастардың моделдерін анықтау арқылы полиэтносты қоғамдағы этносаралық қатынастардың жағдайын және оның даму үрдісін білуге мүмкіндік береді.

Әлем тәжірибесінде, этносаралық қатынастардың түрлі моделдері кездеседі: солтүстік Американың, оңт­үстік Американың, Еуропаның, Ре­сей мен Қытайдың және т.б. ел­де­р­дің өзіне тән моделдері бар. Қазақстан өз егемендігіне қол жеткізгеннен кейін, өмірлік маңызы бар этно­сара­лық қатынастарды реттеу мәселесін бірден алға қойды. Алайда өз салт-дәстүрі, тарихымен ерекшеленген Қазақстан айтылған этносаралық қатынастардың түрлі модельдерінің ешқайсысына да сәйкес келмеді. Соның нәтижесінде, Қазақстан өзіне ғана тән этносаралық қатынастардың дара моделін – қазақстандық модельді қалыптастыруға тиіс болды. Айтылған этносаралық қатынастардың Қазақ­стандық моделі Қазақстан қоғамына ғана тән ерекшеліктерді ескереді. Оларды атап айтқанда: Қазақстан халқы байырғы қазақ жерінде өмір сүріп, дамып келеді; мемлекет құру­шы және мемлекет атауына ие ұлт – қазақтар; мемлекет унитарлы, қоғам­ды топтастыратын ұлт – қазақтар; мемлекет полиэтникалық сипатымен ерекшеленеді; қазақ жеріне көптеген этностар саяси қысым арқылы мәжбүрлеу, депорта­ция­лау саяса­тының нәтижесінде қоныстан­ған; мемлекеттік тіл – қазақ тілі; қоғамның басым бөлігі орыс тілінде сөйледі. Іс жүзінде орыс тілі ұлтаралық қатынас тілі қызметін атқарады; Қазақстан­дағы барлық этностардың өзінің ұлттық тілін дамытуға деген ұмтылы­сына шек қойылмайды; халық көп конфессиялы қоғамда өмір сүреді (40-тан астам конфессия бар); қоғам­да ұлтаралық және конфессия­аралық толеранттылықтың дәстүрі қалып­тасқан, оның тамыры терең. Мұндай қасиет ең алдымен қазақ халқының менталитетіне тән және толерант­тылық дәстүрді Қазақстанның барлық этностары ортақ құндылық ретінде қабылдайды; қоғам дамуының басты құндылықтары: азаматтық қоғам, демократия, нарықтық қатынастар, идеологиялық плюрализм; Қазақстан – бейбітсүйгіш ел. Ол ядролық қарудан ерікті түрде бас тартып, әлемдік қауымдастыққа Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шара­лары жөніндегі кеңесін, ЕурАзЭҚ – еуразиялық интеграция идеясын ұсынды. Ұжымдық қауіпсіз­дік шарты ұйымын (ҰҚШҰ), Шанхай ынтымақ­тастық ұйымын (ШЫҰ) ұйымдас­тырып, қалыптастыруда белсенді рөл атқарды, ЕҚЫҰ төраға­лық ету. Қазақстан халқы ассамблеясы Қазақ­стан мемлекетіндегі этносара­лық келісімді нығайтудағы теңдесі жоқ маңыздылыққа ие болды. Қазіргі уақытта бұл бастаманы Елбасы Қазақ­стан халқының жағдайларын толық­қанды біліп, өзінің көрегендігі және сабырлығымен халқының болаша­ғына жасаған болжаудың сәтті іске асуы деп айтуға болады. Сонымен қатар бұл екінші жағынан Қазақстан халқы Елбасымен бірге сеніммен жасалған тарихи шешім. 
Ассамблеяның басты мақсаты:  Қазақстандағы барлық этностардың рухани тұрғыда қайта жаңғыруы мен дамуын қамтамасыз ету; өркениеттік және демократиялық ұстанымдарға, мемлекеттік ұлттық саясатта барлық этностардың мүддесіне деген құрмет­ке негізделген ұлтаралық қаты­нас мәдениетін қалыптастыру болды. Себебі, сол кездегі посткеңес­тік елдер­дің барлығында ұлтаралық татулық, этносаралық бірлікті сақтау мәселесі басым болды. Қазақстан халқы ассамблеясының көтерген бастамалары мемлекеттік деңгейде қолдауға ие болды. Мысалы: 1995 жылы сәуірде Қазақстан халқы ассамблеясы республика тарихында алғаш рет Қазақстан республикасы Президентінің өкілеттілігін 2000 жылғы 1 желтоқсанына дейін ұзарту жөніндегі жалпыхалықтық референ­дум өткізу туралы бастама көтерді. Мұндай маңызды қоғамдық баста­мадан кейін іс жүзінде ассамблея көп­ұлт­ты Қазақстан халқын топтас­тыратын белсенді қоғамдық ин­с­­титутқа айналды. Қазақстан хал­қы ассамблеясы 1995 жылғы Конс­титуцияның қабылдануына да үлкен қолдау білдірді. Осы тарихи оқиғалар еліміздің құқықтық, саяси өміріне оң ықпал әкелді. Ассамблеяның белсенді қызметінің нәтижесінде, Қазақ­стан­дағы этностардың мәдени өмірі де жандана бастады. Ассамблея этника­лық топтар арасындағы ұйымдастыру жұмыстарының орталығына айналды. Ассамблея органдарына мемлекеттік мәртебе берілуіне байланысты этно­мәдени орталықтардың мәселелері жедел шешімін тапты. Көпұлтты         Қа­зақстан халқы мерей мен мақта­ныш құшағында. Қашанда өз қолың­мен жасаған игіліктің мәуесі тәтті бола­ты­ны айқын. Бұл тәуелсіздігімізді қадір­леудің, оған беріле қызмет істеудің көңіл өсірер қуанышы. Осыдан да қос палатаның бірлескен отырысында бірауыздан қабылданған декларация баршамыздың көкейімізден шыққан тарихи құжат деп бағаланатыны сөзсіз. «Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойы – өз тарихында тұңғыш рет заманауи мемлекет құрған Қазақ­стан халқының ауқымды тарихи же­тіс­тіктерінің жарқын көрінісі. Қа­зақстан үшін Тәуелсіздіктің 25 жылы ілгерілеу мен орнықты дамудың кезеңі болды. Тәуелсіз Қазақстан өзінің жаңа тарихымен табысты мемлекет және бүкіл Орталық Азия өңірінің көшбасшысы атануға құқығы бар екендігін дәлелдеді» деген декла­рация­лық бағаға толық қосыламын. Өйт­кені Қазақстан осынау тарихи қыс­қа мерзімде экономикасы қар­қын­ды дамыған, табысқа жетудің бірегей тәжірибесі бар саяси тұрақты мемлекет ретінде қалыптасты. Біздің елімізде экономикалық, саяси және әлеуметтік салаларда аса ірі өзгерістер жүзеге асты. Осынау күрделі де қиын кезеңде елімізді еңселендіруге хал-қадерінше атсалысқан біздің ұрпақ, біздің балаларымыз бен немере­ле­ріміз, ертеңгі ерен ұрпақ көк Туы­мызды асқақ көтерген Тұңғыш Пре­зидентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Әбіш­ұлы Назарбаевтың даналығы мен көрегендігіне ақжарма алғысын айтады. Талассыз шындық мынау: «Президент Н.Назарбаевтың саяси ерік-жігері және стратегиялық кө­регендігі дамудың қазақстандық үлгісінің табысты болуын айқындап, Отанымыздың орнықты өсіп-өр­кендеу жолына шығуына мүмкіндік тудырды, тәуелсіздікке қол жеткен бүгінгі дәуірде іштегі, сырттағы ұлтымыздың рухы өрледі. Біз «Мен – қазақпын!», «Мен – қазақ­стан­дық­пын!» деп әлем халықта­ры­ның ал­дын­да мақтанышпен айт­амыз.
Қазақстан әлемдік мінберде өзінің бейбітшіл саясатын жүргізіп, конти­нент­тер тағдырын шешетін дамыған мемлекеттердің қатарынан өз орнын алды. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен құрыл­­ған Еу­ра­зиялық экономикалық одақ та әлем та­рихында ғасыр құбылысы деп та­ныл­ды.
Қазақстан халқы бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ үшін қай уақытта да тұтастық, тұрақтылық, төзімділік көрсетіп келеді. «Көп шуылдақ не табар, Билемесе бір кемел? Берекелі болса ел – жағасы жайлау ол бір көл!» деп ұлы Абай айтқандай, Көшбас­шы­сын қаумалаған халқымыз өткен жыл­ғы Қазақстан Республикасы Пре­зи­дентінің сайлауында Елбасын, оның сарабдал саясатын, қазақ­стан­дық  даму жолын әрқашан қолдай­тын­дығына тағы да куә болдық.
Елбасының бастамасымен елор­даны Алатаудан Арқаға көшіру еліміздің геосаяси, әлеуметтік-эко­но­микалық, мәдени және рухани да­муы­на жаңа бет-бұрыстар әкелді. Таңғаларлық қысқа мерзім ішінде Еуразия кіндігінде, Есілдің бойында ертегідей жақұт қала бой көтерді. Ұлт Көшбасшысы іргетасын қалаған, Жерұйық – Астана еліміздің, хал­қы­мыздың рухын асқақтатты.
Астанаға сырттан тамсанып жүр­гендер келесі жылы «ЭКСПО – 2017» Бүкіләлемдік көрмесіне қатысып, бір­неше миллиондаған қонақтарымыз елорданың керемет келбетін, салта­натты сәулетін тамашалайтын бо­ла­ды.
Осының бәрі тағдырдың бізге бер­ген тең­десі жоқ сыйы.


Нұрсәуле АЛТЕКОВА, 
«Қоғамдық келісім» РММ-нің әдістемелік медиация 
кабинетінің меңгерушісі