Негізгі бет  /  мақалалар  /  Бес облыстағы жол жабылды

Бес облыстағы жол жабылды

Айқын-ақпарат
962
Бес облыстағы жол жабылды Ауа райының қолайсыздығына байланысты өңірлердегі бірқатар жолдар жабылды, деп хабарлайды «Қазақавтожол» РМК-ның баспасөз қызметі.

Бүгін Ақмола облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты (қар, бұрқасын, көрінбеу) төмендегі жолдарда барлық автокөлік түрлерінің қозғалысы шектелді: 1. «Астана-Ерейментау-Шідерті» 16-205 шақырымы, Астана қаласынан Павлодар облысының шекарасына дейінгі аралық; 2. «Екатеринбор-Алматы» 1 280 - 1 353 шақырымы, Астана қаласынан Қарағанды облысының шекарасына дейінгі аралық; 3. «Көкшетау-Омбы» 2-50 шақырымы, Көкшетау қаласынан СҚО шекарасына дейінгі аралық; 4. «Астана-Петропавл» 304-341 шақырымы, Көкшетау қаласынан СҚО шекарасына дейінгі аралық; 5. «Астана-Петропавл», 18-230 шақырымы, Астана қаласынан Щучинск қаласына дейін. Қарағанды облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты (қар, бұрқасын, көрінбеу) «Екатеринбор-Алматы» автожолының 1353-1424 шақырымында Ақмола облысының шекарасынан Теміртау қаласына дейінгі аралықта барлық автокөлік түрлерінің қозғалысы шектелді. Сондай-ақ, «Екатеринбор-Алматы» автожолының 1492-1854 шақырымы, Қарағанды қаласынан Балқаш қаласына дейінгі аралықта көктайғаққа байланысты жүк және қоғамдық автокөлік қозғалысы шектелген. Павлодар облысында Ақмола облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты «Астана-Ерейментау-Шідерті» автожолының 205-259 шақырымы аралығы Ақмола облысының шекарасынан Шідерті кентіне дейінгі аралықта барлық көлік қозғалысына тыйым салынды. Алматы облысында бұрқасын және жолдың көрінбеуіне байланысты «Үшарал-Достық» жолының 83-184 шақырымы Көктума ауылынан Достық ауылына дейінгі аралығында барлық автокөлік түрлерінің қозғалысы шектелді. СҚО-да ауа райының бұзылуына байланысты (қар, бұрқасын, көрінбеу) төмендегі жолдарда барлық автокөлік түрлерінің қозғалысы шектелді: 1. «Көкшетау-Омбы» жолының 50-280 шақырымы, Ақмола облысының шекарасынан РФ шекарасына дейін; 2. «Астана-Петропавл», 341-473 шақырымы, Ақмола облысының шекарасынан Петропавл қаласына дейінгі аралықта.

inform.kz