Басты  /  мақалалар  /  Жүз жылдық жаңалықтар

Жүз жылдық жаңалықтар

Жолдасбек Дуанабай
1613
Жүз жылдық жаңалықтар Жақында «Time. Hi-Tech Mail.Ru» журналы биылғы жылдың ең үздік 15 жаңалығын жария етті.

Мұны іске асқан таңғажайыптар қатарына қосуға болады. Мәселен бауы өздігінен байланатын крассовканы көрдіңіз бе? Бұл жаңалыққа сіз де елең ете қалғаныңыз анық. Ендеше, ел назарын аударған 15 жаңалықты назарларыңызға ұсынамыз.

1

«Flyte үнемшіл» лампасы. Бұл тұғырдан және қуат беруші құралдан тұрады. Тұғырдың ішінде күшті электромагнит орналастырылған. Ол электр қуатын үнемдейді. Лампаға қуат электромагнитті өріс арқылы берілетіндіктен оған ешқандай сым жалғанбайды.  Жұртты қызықтырған лампаның құны - 349 доллар.

2

Күннен қуат алатын «Tesla»  шатырлары. Оның кәдімгі шатырлардан соншалықты айырмашылығы жоқ. «Tesla» шифер плиталардың төрт түрін ұсынып отыр:  бұлыңғыр әйнек, жылтыр шыны әйнек, шыны плитка, тоскан стиліндегі плитка. 

 

3

«Nike Hyperadapt» кроссовкасы. Ол ерекше жасалған механизм арқылы бауды  өзі байлайды. Аяқкиімді киген адам сенсорды іске қосу арқылы баудың автоматты түрде байлануын тек қадағалап тұрады. Ал, бауды қаншалықты қатты байлауды сенсордағы қуат өзі реттейді. Кроссовканың құны ­- 720 доллар.

 

4

Виртуальды шлем.  «PlayStation VR»  – гаджет, әлемдік сандық технологиялармен танысудың жаңа көкжиегін ашқалы отыр.  «PlayStation 4» және «PlayStation 4 Pro» бірігіп жасаған құрал 400 доллар тұрады.

 

5

«Hello Sense» оятқышы. Ол бөлме ішіндегі  температураны, ылғалды,  жарық мөлшерін, ауа сапасын анықтайды. Тіпті адамның түс көру мүмкіндігін анықтап, оятудың амалын алдын жасайды. Бұл құралдың құны -  149 доллар. 

 

6

«Eagle 360» шиналары.  Әлемге әйгілі «Goodyear»  компаниясы жасаған шиналар артқа немесе алға ғана емес, бір жанына да жылжи алады. Ол магнит өрісі арқылы жұмыс істейді. Болашақта ол тосын жағдайда бұрылыстар жасауға өте қажет болары анық.

 

 

7

«Quip» тіс щеткасы. Ол әрбір 30 секунд сайын тіс қатарларының қай тұсын тазалауды ескертеді. Бәрінен ерекшелігі щетка тісті дұрыс тазалауды қамтамасыз етеді. Бұл щетка 25 доллар тұрады.

8

«Dyson Supersonic»-тің  кәдімгі феннен айырмашылығы шамалы. Бірақ вентиляторсыз жұмыс істейді. Құрал берілген ауаның температурасын қадағалап, оны секунд сайын өлшейді. Дыбыссыз істейтін құралды тек шашқа жақын ұстамаған жөн көрінеді.   «Dyson Supersonic»-тің бағасы - 399 доллар.

9

«DJI Maviс Pro» дроны. Мұны өндірушілер аппаратты өте ықшамдап жасаған.  Оның артықшылығы жиналмалығында және  «4К» камерасы орнатылғандығында. Ұшқышсыз басқарылатын құрал жылдамдықты сағатына 65 шақырымға дейін арттыра алады. 13 шақырым аумақты бақылауға мүмкіндігі бар. Аккумулятор қуаты 27 минутқа жетеді. Көріністерді баяу түсіру үшін  үшқырлы стабилизатор қолданылады.  Құны - 999 доллар.

 

10

«Arc InstaTemp» – термометрі адам денесіне жанаспай-ақ температураны өлшейді.   Өлшеу уақыты  - 2,5 секунд.  Санды үлкейтіп көрсетеді және жасыл түсті қауіпсіздік индикаторы жанады.  Жасыл температураның көтерілгенін, қызыл тез арада дәрі ішуді немесе егуді ескертеді. Бұл құрал  40 доллар тұрады.  

 

11

«Minimed 670g».  Medtronic компаниясы ойлап тапқан жасанды өт безі.  Ол сусамыр дертімен ауыратын адамдарды  міндетті түрде егуден арылтады. Әр 5 минут сайын қандағы гормандарды өлшейтін құрал қанға қажетті инсулин жіберіп отырады. Бұл  келесі жылдан бастап сатылымға шығарылады.

 

12

«Tiangong-2» стансасы - Қытай ұлттық ғарыш агенттігінде жасалған, «Жұмақ сарайы» деген ресми емес атауға ие құрал. Ұзындығы 10 метр, көлденеңі 4 метр құрылғы нағыз тәжірибе алаңы болмақшы.  Тренажерлік  залы бар аппаратта ағза жұмысына түрлі зерттеулер жүргізіледі. 

 

13

«IKO» қол протезі. Карлос Артур Торрес ойлап тапқан жасанды қол дененің осы бөлігінен айырылған адамдарды қуанышқа бөлемекші. Протездің ерекшелігі – қолы жоқ балалардың ойыннан құр қалмауын қамтамасыз етеді.

 

14

«UNICEF Kid Power Band»  ақылды браслеті. Бағасы 40 доллар тұратын браслеттің маңыздылығын бағалау қиын екен. Біріншіден, ол балаларды көп қимылдауға мәжбүрлейді. Осы үшін мобильді қосымшада балл жиналады. Екіншіден,   «UNICEF» браслетін сатудан түскен қаражат әлемдегі аш адамдарды өлімнен арашалап қалуға жұмсалмақ. Қазірдің өзінде құралды сатудан түскен қаражат 30 мың адамды аштықтан сақтап қалған.

15

«Apple AirPods» желісіз құлаққап әзірше саудаға түспеген. Алайда қазірдің өзінде сұраныс артып отырған көрінеді. Әлемде жоқ құлаққап жұртты таңдандыратынына мамандар даусыз сенеді.