Негізгі бет  /  мақалалар  /  Жылу тарифтері 17 пайызға өсті

Жылу тарифтері 17 пайызға өсті

Айқын-ақпарат
700
Жылу тарифтері 17 пайызға өсті Елімізде жылу тарифтері 17 пайызға дейін өскен. Талдықорғанда жылу тарифтері бір жыл ішінде бірден 56,5 пайызға өскен.

Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі EnergyProm сараптама қызметіне сілтеме жасап  хабарлайды.

Мамандардың айтуынша, ең "қымбат" қалалар - Алматы, Қостанай және Шымкент. Онда жылу тарифтерінің бағасы басқа облыстардан қарағанда 1, 5 есе қымбат екен.

Сондай-ақ, мамандар қазақстандықтардың биыл қараша айында 1 гигакалория үшін 3722,91 теңге төлегенін айтып отыр. Бұл 2015 жылдың қараша айындағы көрсеткіштен 17 пайызға көп екен.

Еліміздегі ірі қалалардың бірі Алматыда жылу тарифтерінің бағасы 1 гигакалория үшін 6,04 мың теңге болса (былтырғы бағамен салыстырғанда 4,4 пайызға қымбат), Қостанай тұрғындары1 гигакалория үшін 5,82 мың теңге төлеген. Шымкенттегі жылу тарату бағасы 1 гигакалория үшін 5,58 мың теңге екен.

Ал ең арзан бағалар - Павлодарда (1 гигакалория - 2, 23 мың теңге) және Астанада (1 гигакалория - 2,50 мың теңге).

Сонымен қатар, мамандардың айтуынша, Талдықорғанда бір жыл ішінде жылыту маусымының тарифтері бірден 56,5 пайызға көтерілсе, Көкшетауда 34,2 пайызға дейін көтерілген. Ақтөбеде де (31,2 пайызға) тариф бағасының жоғарылауы байқалады. Ақтауда ғана жылыту маусымының тарифтері өзгеріссіз қалған екен. Ондағы тұрғындар 1 гигакалория үшін 3,37 мың теңге төлейді.

 

Толығырақ: https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/kazakstanda-jyilu-tarifter-17-payyizga-ost-275413/
Материалды көшіріп басқанда Kaz.tengrinews.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз.