Негізгі бет  /  мақалалар  /  Балалар ана құрсағында сөйлеуді үйренеді

Балалар ана құрсағында сөйлеуді үйренеді

Айқын-ақпарат
886
 Балалар ана құрсағында сөйлеуді үйренеді АҚШ пен Швеция ғалымдары жаңа туған сәбилердің дүниеге келген сәтте-ақ ана тілі мен өзге тілдерді ажырата алатынын анықтады.

 Құрсақтағы соңғы он аптада бала анасын естиді және түсінеді дейді олар. Бұл зерттеуге дейін ана құсағындағы балалардың тілдерді түсінетіні дәлелденген жоқ. Вашингтон университеті жаныдағы Ақыл-ой туралы зерттеулер институтының маманы Патриссия Кухлдың айтуынша, сәбидің тілдерді ажырату қабілеті жүктіліктің 30-аптасында қалыптаса бастайды және олар дауысты дыбыстарға мән береді, деп жазды  «Век». Ғалымдар жаңа туған 40 сәбиге тәжірибе жүргізіп, түрлі тілдердің дыбысын тыңдатқан. Олар компьютерге жалғанған емізікті емген. Емізікті неғұрлым ұзақ емсе, тілге де соғұрлым қызығушылық танытқан. Зерттеу нәтижелері бойынша, балалар 5 айында адамдарды ерніне қарап-ақ түсінеді және дыбыссыз фильм көріп отырса да, кейіпкерлердің өз ана тілінде немесе өзге тілде сөйлеп жатқанын айыра алады. 

 

ҚазАқпарат