Негізгі бет  /  мақалалар  /  2017 жыл қандай болмақ?

2017 жыл қандай болмақ?

Айқын-ақпарат
1157
2017 жыл қандай болмақ? Шығыс күнтізбесіне сәйкес, келе жатқан 2017 жыл – қызыл немесе отты Қораз жылы. Ең сәтті «Қораз маусымы» – күз мезгілі. Нақтырақ айтсақ, қыркүйек айы. Оттан бөлек, Қоразға сәттілік әкелетін символ – металл және сары түс.

Күнтізбе бойынша жаңа жылды 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға ауған түні қарсы алғанымызға қарамастан, ресми түрде қораз жылы 2017 жылдың 28 қаңтарында басталады. Ал мәресіне жетер уақыты – 2018 жылдың ақпанның 15-інен 16-сына ауған түні. Бұл жыл қандай болмақ?

Жұлдызнама бойынша Қораз жылы – бұл әрдайым орын алар жарқын да маңызды оқиғалар. Қызыл қораз түсі – күш-қуат, асқан дәлдік, үнемшілдік пен өзіне сенімділік. Мұндай жылы батыл, мақсатқа жетуде табандылық танытып, күшін аямайтын, мақсатынан ауытқымайтын және нақты қадам жасай білетін, тәуекелге бел байлауға дайын жандардың жолы болып, айы оңынан туады. Бұдан алдыңғы Қораз жылының 2005 жылға сәйкес келгенін айта кету керек. Ал келер жылдан кейін Қораз жылы 2029 жылы келеді. 2017 жылдың күші – От. Бірақ одан қорқудың керегі жоқ. Себебі бағзы замандарда адамдардың отты қолданып үйренуі үлкен дамуларға алып келді. Сонымен қатар бұған дейінгі Қораз жылдары әлем үшін тағдыршешті ауыр болған емес.

Таңғаларлық, бірақ түрлі мәдениеттегі қораз символы бірдей сипатта. Ол – жаңа күн, жарық, табандылық пен игі істердің символы. Қораздың өз аумағын қызғана, жанын сала қорғайтыны белгілі. Тіпті, соңғы демі таусылғанша беріспейді. Сондықтан оның ең күшті деген жорықтардың танымбелгісіне айналғаны таңғалдырмайды. Денесін тік ұстап, түрлі әдістермен қарсыласына үрей ұялату қасиеті қашан да жоғары бағаланады.

Жыл сипаттамасы: бізді не күтуде және неге дайын болуымыз керек

2017 жыл – бірбеткей, жарқын мінезді отты немесе қызыл Қораз жылы. Ол жаңа күнді қарсы алады. Сондықтан Қораз – бар жаңаның символы. Ол – қызыққұмар, айналасындағылармен тіл табысқыш әрі өзгелердің назарын өзіне аударып, кез-келген салада жеңіске жеткенді ұнатады. Жалпы алғанда, бұл жыл табысты болмақ. Қораз – үнемшіл, тіпті, есепшіл. Дәл осы себепті 2017 жыл өз кәсібін бастау, жылжымайтын мүлік сатып алу, көшу сынды тағдыршешті жоспарларды жүзеге асырға тиімді. Өзге жағынан қарастырсақ, бұл жетік білетін салаңызда жаңа істерге қол жеткізуге қолайлы жыл. Қораз – кертартпа және өзгерісті ұнатпайды. Есесіне жаңа келісімшарт, ғылыми зерттеулер, үй жөндеуді және отбасының жаңа мүшелермен толығуын «мақұлдайды». Қораз мінезі ұқыптылыққа, сыртқы келбетіңіз бен денсаулығыңызға мән беріп,  күтінуге үйретеді. Сондықтан 2017 жылы мұндай өзгерістерге жол беру  тек сәтті болады.

2017 жылдың мұнан басқа ерекше символы – көпшілдік. Билікқұмарлығына қарамастан, Қораздардың жалғыздықты суқаны сүймейді, Алдағы жылға достарыңызбен, туыстарыңызбен саяхаттау, тынығу немесе үйлену, мерейтой сынды отбасылық мерекелерді жоспарлауыңызға болады. Олардың барлығы сәтті өтеді. Қораздардың талғампаздығын ескеру аса маңызды. Қызба мінезді болғанымен, маңызды шешімдерді он ойлап барып қабылдайды. Ол – үйренуге тұрарлық жақсы қасиет. Отты Қораз жылы басшылық қызметтегі, әлденені ұйымдастырып не ойлап табатын жандар үшін ең сәтті болады. Мұндай адамдарға 2017 жыл – өте жағымды. Қораз өршіл жоспар мен ең батыл ойларды қолдауға даяр. Десе де әр іске тиянақты дайындалу қажет.

2017 жылды қарапайым жыл деп атауға болмас. Оның зеріктірерлік болмасы анық. Себебі Қораздар зерігу мен уайымға төзбейді. Ең бастысы – өзіңізге сену. Адамдар арасындағы қарым-қатынас, махаббат үшін 2017 жыл күрделі болады. Қораздардың қызба мінезі мен тұрақсыздығы көбіне достары, сүйіктісімен қарым-қатынасын реттеуге кедергі келтіреді. Ал нақты таңдау жасалса, Қораз қарым-қатынасын нығайтуға бар күшін салуға дайын. Ол сыйлықтарды үйіп, жақындарын таңғалдыра алады.

Бұл үлкен саясатқа да қатысты. Қораз жылы халықаралық деңгейдегі шиеленістер болуы мүмкін. Десе де жыл ел ішіндегі өмір сапасын жақсартуға бағытталған маңызды реформаларды жүзеге асыруға жайлы. Қораз өз аумағын бар күшін сала қорғайды және жақындарының амандығын ойлайды. Сондықтан мұндай әрекеттердің барлығына сәттілік серік болады. Бастысы – әр нәрсенің шегін біліп, шектен шықпау. Қораз парасатты әрі барлық тараптың қызығушылығын ескере отырып, дұрыс шешім қабылдай біледі. Тіпті, мәселенің түйіні шешілместей көрінсе де.

 

stan.kz