Негізгі бет  /  мақалалар  /  226 христианды 11 миллион долларға сатып алды

226 христианды 11 миллион долларға сатып алды

Берік БЕЙСЕНҰЛЫ
1075
226 христианды 11 миллион долларға сатып алды 2015 жылдың ақпан айында ассириялық христиандарды «Ислам мемлекетінің» содырлары ұстап алып, оларды сататыны туралы мәлім еткен.

Сирияның солтүстік-шығысындағы Хабур өзенінің маңында христандық салт-ғұрып салтанаты жүріп жатқан сәтте ДАИШ тобының содырлары

ассириялық христиандарды кепілге алған. Тұтқынға алынғандардың төртеуі өлтіріліп, кейіннен тағы үшеуі атылды. Мұны бейнекөрініс арқылы таратқан лаңкестер тағы да тұтқындағыларды дереу сатып алуды талап етті. Алғашқы кезде ұсталғандардың  құнын 23 миллион долларға бағалады. Сосын бұл баға екі есеге қысқарды.

Хасеке қаласының маңында Сирия епископы Мар Афраму Атнейлу кепілге ұсталғандардың бірін жіберген ДАИШ тобының өкілдері 17 тұтқынның әрқайсысына 50 мың доллардан беруді талап етті. Үш күннің ішінде  өзінің елдегі және басқа мемлекеттегі діндарларымен кеңескен епископ ақыры содырлар ұсынған шартпен келісуге мәжбүр болды.  Сөйтіп тұтқында отырғандарды  біртіндеп сатып алуға кірісті. Алайда  бұл әрекеттерді сынағандар да болды.

«Әрине, бұл адами тұрғыдан қарағанда, өте дұрыс мәселе. Жазықсыз ұсталғандарды біз қандай жағдайға қарамастан босатуымыз керек. Бірақ екінші нәрсе, біз оларды одан ары адам өлтіру үшін қаржыландырып жатқан жоқпыз ба?» , -дейді Канададан епископқа ақша жинаған әріптесі  Анеки Ниссан.

Әрине, үш күннің ішінде соншалықты қаржыны жинау оңай болған жоқ. Алайда бұл мәлімдеме әлеуметтік желі арқылы таралғандықтан ынта білдіргендер көп болды.

Көптің қолдауына байланысты 26 мамыр күні  - 2 әйел,16 маусымда -  екі жас, 11 тамызда  - 22 адам бостандыққа шықты. Содырлар 2016 жылдың 22 ақпанында кепілге алынған 43 адамды еркіне жіберді.