Негізгі бет  /  мақалалар  /  Кадыров шешендерді қайтаруды сұрайды

Кадыров шешендерді қайтаруды сұрайды

Берік БЕЙСЕНҰЛЫ
1515
Кадыров  шешендерді қайтаруды сұрайды Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Түркияда болған жарылысқа қатысты ел басшысына мәлімдеме жасап, онда лаңкестік әрекетпен айналысып жүрген шешендерді елге қайтаруды сұрады.

Бұл Рамзан Қадыровтың жасап отырған бірінші мәлімдемесі емес. Осыдан біраз уақыт бұрын,  нақты айтар болсақ, жазда  шешен президенті Ыстамбұл әуежайында 45 адамның өмірін алып кеткен лаңкестік әрекетті айыптап, түрік билігінен күдікті ретінде танылған шешендерді ұстап  беруді сұраған.

-Кезінде Шешенстанда көптеген лаңкестік әрекеттер жасаған бірқатар шешендер қазір Түркиядан пана тауып, осында қылмыстық әрекетін жалғастырып  жүр. Олардың бірсыпырасы ұсталды да. Осыған байланысты мен түрік билігіне бандиттерді Ресейге қайтару туралы туралы өтініш жасадым. Ол қылмыскерлердің  әрекетіне біз де тергеу жүргізіп, халық алдында қарабет қылып соттауымыз керек. Бүгін де  оларды елге қайтаруды туталап етемін, -деді ол.

Рамзан Қадыровтың айтуынша, «халықаралық терроризммен жалғыз ел күресе алмайды. Бұл  - ғаламдық проблема. Оның зардабы үлкен. Егер дер кезінде тойтарыс бермесек, мұндай зардабы орасан зор жағымсыз сипаттағы оқиғалар  жалғаса беретін болады, ал бандиттер бір-елден бір елге ауысып террорлық әрекетімен айналыса береді. Сөйтіп адамзаттық трагедия одан сайын ұлғая түседі».

10 желтоқсан күнгі Ыстамбұлда  стадион жанында және  автобус маңында болған жарылыстан қырыққа жуық адам қайтыс болып, 155-тен артық адам жарақат алғаны белгілі. Түркияда болған жаралысты елде қызмет етуі тыйым салынған Күрдістанның жұмысшы партиясы өз мойнына алды.