Негізгі бет  /  мақалалар  /  Ресейден Батыс елдері неге қорқады?

Ресейден Батыс елдері неге қорқады?

Берік БЕЙСЕНҰЛЫ
1638
Ресейден Батыс елдері неге қорқады? «Ресейді тепе–тең дәрежедегі ел ретінде қарастыруға болмайды». Бұл Ұлыбританияның Қорғаныс министрі Майкл Фэллонның сөзі.

Украинадағы саяси жағдайдан кейін Ресейге батыс елдерінің сенімі азая бастады. Бұл тұжырымды Ұлыбританияның Қорғаныс министрі Майкл Фэллон растағандай. «Ол Ресейді Батыстың стратегиялық қарсыласы ретінде қарастыру керек» деп  мәлімдеме жасады.

Майкл Фэллон  ВВС–ге берген сұхбатында  Пентагонның басшысы Джеймс Матистің пікірін қолдады. «Ресей агрессиясынан» құтылу үшін НАТО –ның қорғаныс қабілетін күшейту керек және екі тараптағы жағдайды шиеленістірмеген жөн» ,- деді ол.  

Алайда Фэллон «кейбір мәселелерде  жағдайды ушықтырмас үшін біз Ресеймен санасуымыз керек. Әсіресе Сирияға қатысты. Бірақ текетірес жүріп жатқан бұл елде жағдай бұрынғыдай емес, реттелетін бағытта. Дегенмен, қандай жағдайға қарамастан Батыс елдері Ресейдің стратегиялық қарсыласы болып табылады» деп атап көрсетті.

Шын мәнінде батыс елдері бүгінде неге алаңдайды? Шын мәнінде ресми Мәскеу ЕуроОдақтың қарсыласы ма? Мәселе бүгін, ертең жасалады деген қауіпте немесе күдікте емес. Әңгіме анығында Ресейдің қазіргі таңдағы мықты әскери күшіне тіреліп тұр. Ақ үйден бірер айдан кейін кететін Барак Обама да Ресейдің шын мәніндегі қуатты әскери держава екендігін мойындады. Ендеше, ЕуроОдақтан шыққан Ұлыбритания Қорғаныс министрінің алаңдайтындай жөні бар ма?

Жалпы саясатта стратегиялық одақтас деген термин жиі қолданушы еді. Британ министрінің стртегиялық қарсылас  деуінде де үлкен саяси астар жатыр-ау...