Негізгі бет  /  мақалалар  /  Алдағы күндері ауа райы жауын-шашынды болады

Алдағы күндері ауа райы жауын-шашынды болады

Айқын-ақпарат
946
Алдағы күндері ауа райы жауын-шашынды болады Синоптиктердің болжауынша, бүгін еліміздің барлық аумағында ауа райы жауын-шашынды болады, басым бөлігінде қар жауады. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болып, бұрқасындатады, жел күшейеді.

Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасындатып, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, оның екпіні 23-28 м/с жетеді, көктайғақ болуы мүмкін.

Павлодар облысының кей жерлерінде бұрқасындатып, жел күшейеді – 15-20 м/с.

Күндіз Қарағанды облысының кей жерлерінде көктайғақ болады, бұрқасын желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады, тұман түсіп, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде бұрқасын болады, жел күшейеді –18 м/с, тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін.

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді – 15-20 м/с .

Маңғыстау, Атырау облыстарында, түнде Алматы облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, таңертең және күндіз жел соғады – 15-20, оның екпіні 23 м/с жетеді.

Baq.kz