Негізгі бет  /  мақалалар  /  «Астана-Павлодар» тас жолы жабылды

«Астана-Павлодар» тас жолы жабылды

Айқын-ақпарат
980
«Астана-Павлодар» тас жолы жабылды Боранға байланысты Ақмола облысы аумағындағы жекелеген жол бөліктерінде барлық көлік түрлері үшін қозғалыс шектелді, деп хабарлайды қалалық ТЖ департаменті. Ауа райының қолайсыздығынан «Астана-Павлодар» тас жолы жабылды.

Қазір өңірде бұрқасын болып, желдің екпіні секундына 20 метрге дейін жетті. Бұдан бұрын 10 желтоқсанда сағат 18.00-де ауа райының нашарлауына байланысты көліктің барлық түрі  үшін республикалық маңызы бар «Астана-Петропавл» жолы жабылған. Ал бүгін 13-40-тан бастап ауа райының нашарлауына байланысты (қатты боран) көліктің барлық түрі үшін «Астана-Павлодар» республикалық маңызы бар жол учаскесінде қозғалыс шектелді. Ақмола облысында 10 желтоқсанда сағат 12-30-де ауа райының нашарлауына байланысты (күшті жел, қар, жолдың дұрыс көрінбеуі)  «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» (232-260 шақырым), «Жезқазған-Петропавл» (377-595 шақырым)  учаскесінде жол жабылды.   18-00-ден бастап   «Астана-Петропавл» (18-230 шақырым,   Астана қ.- Щучинск қаласы)  тас жолында көліктің барлық түрі үшін жол жабылды.  Бүгін  13-45-тен бастап   ауа райының нашарлауына байланысты (күшті жел, қар, жолдың дұрыс көрінбеуі)   "Астана - Ерейментау-Шідерті" (16-205 шақырым. Астана - Ерейментау) учаскесінде көліктің барлық түріне жол жабылды.   

inform.kz