Негізгі бет  /  мақалалар  /  Реджеп Тайып Ердоған: Лаңкестердің мақсаты – Түркияның дамуына кедергі жасау

Реджеп Тайып Ердоған: Лаңкестердің мақсаты – Түркияның дамуына кедергі жасау

Қаншайым БАЙДӘУЛЕТ
1128
Реджеп Тайып Ердоған:  Лаңкестердің мақсаты – Түркияның дамуына кедергі жасау Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған Ыстамбұл қаласы Бешикташ ауданы Vodafone Arena стадионында болған терактіден кейін жасаған мәлімдемесінде лаңкестік әрекетті ұйымдастырушылар зардап шеккендер санының анағұрлым көп болғанын көздегенін атап өтті.

"Өкінішке қарай, «Бешикташ» және «Бурсаспор» командаларының ойынын тамашалауға жиналғандар арасында қайтыс болғандар мен жараланғандар бар. Бұл оқиға террористік пиғылдағылардың ешкімге аяушылық танытпайтынын тағы бір дәлелдеді. Олардың мақсаты –  Түркияның дамуына қарсы тұру. Түркия қандай да бір оң өзгерістерге қадам жасайды, іле-шала бейкүнә халық қанға бөгеді. Мұны істеп отырған лаңкестік ұйымдар" деді мемлекет басшысы өз сөзінде. Сондай-ақ Түркия лидері жарылысты кім, қалай жүзеге асырғаны маңызды емес, мәселе олардың біздің мемлекетіміз бен халқымызға жасаған шабуылында" деді.
Түркияға жасалған террорлық әрекетке байланысты 
АҚШ көңіл айта отырып, лаңкестермен күресті тоқтатпайтынын жеткізді. Бұл туралы Ақ үйдің ҰҚК-нің төрағасы Нед Прайс жеткізді. Ол "біздің дұға-тілегіміз зардап шеккендермен, олардың отбасымен, Түркия халқымен бірге. АҚШ әлем тыныштығы мен жер шарының бейбітшілігін бұзғандарды айыптайды" деп тілектестік білдірді. Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Борис Джонсон Twitter желісінде "Менің барлық ойым шейіт болғандар мен жараланғандарда болып тұр. Ұлыбритания екі ел арасындағы әріптестік қарым-қатынасты жоғары бағалайды және Түркияның терроризмге қарсы күрес әрекеттеріне қолдау білдіреді" деп жазды.   Ал Канада Сыртқы істер министрі Стефан Дион "Ыстамбұлда орын алған қантөгіске байланысты Түркия халқына қайғырып көңіл айтамыз. Зардап шеккен отбасыларға сабыр тілейміз" деді.


Естеріңізге сала кетсек, бүгін Түркияда құрбан болғандарды Аза тұту күні. Мемлекет туы төмен түсіріліп, Реджеп Тайып Ердоғанның Қазақстанға сапары кейінге шегерілді. Лаңкестік әркеттен қайтыс болғандар саны –  29, ал жараланғандар 166 адам.