Негізгі бет  /  мақалалар  /  Израильдің көксегені не?

Израильдің көксегені не?

Айнұр Қазыкенова
1004
Израильдің көксегені не? Голан жотасында Израиль әскерін топтастыра бастады. Демек, ресми Тель-Авивтің бір жоспары болғаны. Ол осы жота арқылы Сирия жеріне басып кіру.

Ливандық  «Әл-Миядин» тележүйесі  осындай пікірде. Шындығы  сол,  Шам жерінде  Түркия, Ресей, Иран, АҚШ, Египет және бірқатар араб пен Еуропа елдерінің арнайы  қызмет бөлімдері  қимылдауда. Бұлардың әрқайсысының өз мүддесі бар. Енді  бұған Израиль  әскері  қосылмақ. Демек,  Голан  жотасындағы  дүрбелең соның айқын  көрінісі. 7 желтоқсан күні ғана  Израиль  әуе күштері Дамашық  шаһарының  батыс  жағына  орналасқан   Мезза  әуебазасын бомбылады. Бір  қызығы,  «Башар Асадтың басынан құс  ұшырмаймыз» деген Ресейдің  сол  жерде  орналасқан  зениттік-зымырандық  С-300, С-400 кешені ешқандай қайрат  көрсепеді.  Үнсіз қалды. Әлде,  Израиль  мен Ресей арасында сондай  келісім  болды  ма? Бәлкім,  Израильдың  нысанаға алғаны  Сирия  әскері  емес,  сол  топта  соғысып  жүрген «Хезболла» жауынгерлері  шығар? Мүмкін. Өйткені  «Хезболла» тобы - Израильдің ата жауы. Екі жақ  бірнеше  мәрте  майдан даласында кездесті. Оның соңғы 2006  жылы жазда  болды. Қазір  «Хезболла» Сириядағы үкімет  әскерін қорғап террорлық топтармен қақтығысып жатыр. Тіпті  жақында  ғана  осы топ қолда  бар әскери  техникаларын тізіп, Сирия  жерінде әскери  шеру өткізді. Мұның бәрі Израильді ойландырса  керек-ті. Өйткені «Хезболла» Сирия  жерінде соғыса жүріп, Ресейден  жеткізілген заманауи қаруға  ие  болды. Қақтығыстың  тәсілдерін  меңгерді. Ертең осы  жауынгерлер  Ливанға оралған соң, Израильге  қарсы тұрады. Сондықтан Израиль әскерилері «Хезболла»  тобын Сирия  жерінде біртіндеп  құртуды жоспарлаған  сияқты. Екінші  бір  мәселе, Ирак  пен Сирия  жерінде соғысып  жүрген  «Ислам  мемлекеті» және өзге де террорлық топтар  түптің түбі мылтық  ұңғысын  Израильге  қарай  бұруы ықтимал. Егер де «Хезболламен»  «Ислам мелекеті»  бірлесе  Израильге тап  берсе, Тель-Авивтің жағдайы  қиынға айналмақ. Сондықтан Израиль Сирия  жеріндегі  соғысқа  белсене атсалысуға тырысқан  сияқты.