Басты  /  мақалалар  /  Қаламгердің алпыстағы бақыты

Қаламгердің алпыстағы бақыты

Айқын-ақпарат
1869
Қаламгердің алпыстағы бақыты Атырауда көрнекті жазушы-драматург Рахымжан Отарбаевтың халықаралық театр фестивалі өз мәресіне жетті.

 Облыс әкімдігінің қолдауымен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық Шыңғыс Айтматов атындағы сыйлықтың лауреаты, «Парасат» орденінің иегері, Атырау қаласының Құрметті азаматы Рахымжан Отарбаевтың шығармалары арқау болған фестиваль үш күн бойына көрермендерін қара сөздің тұтқыны етті. Қырғыз елі мен еліміздің төрт театры жазушы-драматургтың бес пьесасын сахналады. 

Киелі сахнада шеберліктері бірінен-бірі асып, көрерменнің зор ілтипатына бөленген ак­тер­лер­дің ойынын Атырау қала­сы­ның ғана емес, аудан тұр­ғын­дары да тамашалады. Төрт күн бойы Атырауда дүбірлетіп өт­кен мәдени-тағылымдық ша­ра­ны халықпен бірге облыс әкі­мі Нұр­лан Ноғаев та бірге там­а­шалады.
Алғашқы күні Батыс Қазақ­с­тан облыстық қазақ драма теа­тры «Жәңгір хан» тарихи дра­масын қойды. Ал Махамбет атын­дағы Қазақ драма театры қой­ған «Двойник» комедиясы да көрерменнің көңіл қошын қан­дырды. 
Оңтүстік Қазақстан облы­сының Өзбек драма театры сахналаған «Аяулым Анфиса» комедиясы да жиылған қауымды тәнті етті. Оқиға желісі Кеңес Одағы кезеңінде қолынан балы тамған шебер Едірей Матовичтің өмір жолымен өрбиді. Тапқан табысын ащы суға жұмсаған, ақырында ащы су түбіне жеткен Едiрей Матовичке «ауылға айрықша еңбек сiңiргенi үшiн» көше атын береді. Жергілікті телеарна оны бұқараға жариялап, жиында обком хатшысы мас­күнемнің жақсылығын асырып ағыл-тегiл сөз сөйлейдi. Оқи­ға желісіндегі маскүнем шеберді ауылда ешкiмi жоқ, «өлсем кемпiрiмнiң жанында жатамын» деп дайындап қойған Әбутәлiп есімді әпендінің көріне жерлеуі көрермен жүрегін дір еткізгендей болды. 
Театр фестиваліне Қырғыз елінен Шүй облыстық дра­ма театры «Аяқталмаған хи­кая» атты мұңды драманы көр­ер­мен назарына ұсынды. Дра­маны қырғыз тіліне Қырғыз Респу­б­ликасының еңбек сіңірген әртісі Бұсұрман Одуракаев аударған. Қоюшы режиссері – Жаныш Құлмамбетов.
Рахымжан Отарбаевтың «Көр­ген-баққан» әңгімесі же­лі­­сінде жазылған драманы қыр­ғыздар «Қошалақтағы бір күн» («Кошалактағы окуя») деп атапты. Қойылымда бір от­­­­басының басынан кешкен жағ­­дайы баяндалады. Бірақ бұл тұтас сол дәуірдің анық кө­­­рінісі еді. Біздің елімізде кол­хоз бен совхоздар тарап, жекешелендірудің саясаты аясында мал-мүлік бөліске түс­кен кезді көз алдымызға әкел­гендей болды.
Көрерменге жазушы-дра­матург Р.Отарбаевтың «Нашақор жайлы новелла» драмасын мүлдем ерекшелеп сахналаған Ж.Аймауытов атындағы Пав­лодар облыстық қазақ драма театрының өнері ұнады. Қал­лекей театры мен Махамбет театры репертуарындағы драма павлодарлық режиссердің қол­таңбасымен мүлдем терең де ұғынуға оңай жолмен көрермен санасына жете алды. Сайып келгенде, екінші рет өткізілген театр фестивалі туралы жалпы көрерменнің де, қазылар ал­қа­сының пікірі де бір арнаға ойысты. 


Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев:
– Биыл екінші рет өт­кі­зіліп отырған фестиваль ел Тә­уел­сіздігінің 25 жылдық ме­рей­тойымен және Тұңғыш Пре­зидент күнімен тұспа-тұс келіп отырғандығымен ерекшеленеді. Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің бар күш-жігерін халықтың үмітін ақ­тау­ға жұмсап, экономикалық, гуманитарлық, мәдени салада белсенділік танытып, өзі тың бастама көтеріп, бүгінгі таңда қазақстандықтардың осындай зор табыстарға жетуіне аянбай күш жұмсап келеді. Елбасы «Мәдени мұра» бағдарламасы арқылы тарихты қайта зерделеу үрдісі де жалғасын тапты. Тұл­ғаларымызды тану үрдісі қолға алынды. Соның бірегейі – Ра­хым­жан Отарбаевтың «Бей­барыс» қойылымы. Бұрын бір­лі-жарым жерден Бейбарыс билеуші жайында естіп жүрсек, Рахымжан Қасымғалиұлы соны сахналап, драмасын жазып шықты. Ел егемендігінің баянды болуы жолында қаламды серік етіп, аянбай тер төгіп жүрген бір­­қатар тұлғалардың қатарында Рахымжан Отарбаев, Асанәлі Әшімов, Ақұштап Бақтыгереева, Есмұхан Обаев, Иран-Ғайып, Мереке Құлкенов және тағы басқа қаламгерлердің еңбектерін ерекше атар едім. Елбасы Нұр­сұлтан Назарбаевтың: «Рухы биік, ойы азат халық қана тәуелсіз бола алады» деген сөзі бар. Ата-баба аңсаған тәуелсіздікті мәңгілік етуде, елдің ертеңі жарқын болуы үшін аянбай тер төгуіміз керек» деп, осынау шараға орай ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Бақты­қожа Салахатдинұлынан келген құттықтау хатты да оқып, фес­тиваль иесіне табыстады.
Салтанатты шарада Рахым­жан Қасымғалиұлының 60 жас мерейтойына арналған ҚР­ Пар­ламент Сенатының тө­ра­ғасы Қасымжомарт Тоқаев, ҚР Премьер-министрінің орын­басары Иманғали Тас­ма­ғам­бетов және ҚР Прези­денті әкімшілігі басшысының орынбасары Бағлан Майлыбаевтың құт­тықтау хаттары мерейгер иесіне табысталды. Бүгінде қаламгердің шығар-малары өз елімізде ғана емес, әлем оқырмандарына да таралып кеткен. Ақын-жазушы, Моңғолия Жазушылар одағы Баян Өлгей аймақтық қазақ қаламгерлер кеңесінің төрағасы, «Шұғыла» журналының бас редакторы Сұраған Рахметұлы, «Мәдениет» қорының ди­рек­­торы Ермек Алдан, Татар­стан­ның Қазан қаласынан келген ақын, аудармашы Флера Тар­­ханова, Германиядағы «Қа­зақ» қауымдастығының төра­ғасы Сүлеймен Шадкам және Тараз қаласынан келген ме­рей­той иесінің ағасы Асаубай Майлыбаев қаламгерді арнайы құттықтап келіпті. 
«Юность» журналының бас редакторы Валерий Дударев «Шыңғысханның көз жасы» (Плач Чингисхана) повесті жа­рияланған журналдың биы­л­ғы №5,6 нөмір­лерін ав­тор­­дың өзіне табыс етті. Сыншы, әдебиеттанушы, фи­­лология ғы­­лымдарының кан­ди­да­ты Ма­р­ианна Дударева да «Шың­ғыс­ханның көз жа­сы» кітабына өз бағасын бе­ріп: «Ұлттың тарихын баян еткен шығарма. Оның жалпы­адамзаттық құндылық ре­тінде бағасы зор. Қазақтың халық әніндей әсері күшті» деді.
Салтанатты шарада Ре­сей Жазушылар одағының хат­шы­сы, «Форум» журналының бас редакторы Владимир Мус­салитин Рахымжан Қасым­ғали­ұлына «Жемісті бейбітшілік шы­­ғармашылығы үшін» ал­тын медальды табыстады. Ай­тарлығы, бұл медальды әлем бойынша Назым Хикмет, Пабло Неруда, Джавахарлал Не­ру иеленген еді. Осы тізім­ді «қара сөздің тұтқыны» атан­­ған Рахымжан Отарбаев то­лықт­ыр­ды.
«Бұл сыйлық сенің бүгінгі мерейтойыңмен тұспа-тұс келіп отыр. Қазақстанның бір ұлының ғана емес, дүйім халықтың қуа­нышы деп қабылдаймыз. Сен үшін қуанып отырмын» деді жазушы Владимир Муссалитин.
Сондай-ақ бұл күні мек­теп оқушылары мен сту­дент жас­тар арасында ұйым­дас­ты­рылған «Рахымжан оқу­ла­­ры­ның» қорытындысы жа­­рия­ла­нып, байқаудың үздік­тері марапатталды. Байқау жеңім­паздарына алғыс хаттар мен сый-сияпаттарды мерейтой иесі Рахымжан Отарбаев пен об­лыстық Ғ.Сланов атындағы ғылыми-әмбебап кітапхананың директоры Гүлжанай Қалиева табыстады. Жеңімпаздар қа­та­рында Дания Есенғалиева, Жұлдыз Ерболатқызы, Хасан Досболатұлы, Наслизат Тө­лен­­таева, Анар Шұғыпан, Қайыржан Сейдәлиев, Әсемгүл Мақашева, Аругүл Сатан, Әсемгүл Төлегенова, Сымбат Дәрменғалиеваның есімдері аталды.
Екінші рет ұйымдастырылған фестивальдің тағы бір ерекшелігі – жазушының мерейтойына орай өткізілгендігі. Мерей­той­лық фестиваль болғандықтан, қатысушы өнер ұжымдарының бәріне бірдей марапат берілді. Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімов бастаған қазы­лар құрамы әр театрға диплом мен 500 мың теңгелік сертификат табыстады. Бұл шешімге халық та, театр ұжымдары да разы болды. 
Жазушы Рахымжан Отарбаев шараның соңында фестивальды ұйымдастырған облыс әкімдігіне ризашылығын білдіре отырып: «Осымен, екінші мәрте Атырауда театр фестивалі өтуде. Мұндай ауқымды шараны өзім өткізе алмаймын. Облыс әкімі Нұрлан Асқарұлына, екінші мәрте фес­ти­вальге қазылар төрағасы бо­луға келісім берген Асанәлі Әшім­­­овке және алыс-жақыннан келген қазылар мүшелеріне ал­ғы­сым шексіз. Фестиваль ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен тұспа-тұс келді. Менің 60 жа­сым – елімнің Тәуелсіздігінің қа­сында түк те емес. Ел аман болғай, ер аман болғай, Елбасы аман болғай! Құдай басқа сана берді, қолға қалам берді, тілге бояу берді. Өздеріңіздей дос-жаранды, Атыраудай ел берді. Мен бақытты екенмін!» деді. 
Осылайша, Жайықтың бо­йын төрт тәулік өнер ме­ре­­кесіне айналдырған Р.Отар­бае­втың Ха­лықаралық театр фес­тивалі мәресіне жетіп, шымыл­дығын жапты. Ал жазушының қалың оқырманы биыл жарық көрген таңдамалы жинағын жата-жас­тана оқуға асықты. Себебі, онда қара сөздің қуаты бар. Қазақтың қара сөзі аман тұрса, ұлт рухы жойылмақ емес. 
Қаламгердің: «Атам алпысқа келген күні құбылаға жүзін бұ­рып, намазға жығылған еді. Алла жүрегімізде ғой. Әжем ша­лына қарап: «Осы Батысқа қарап жы­лайды да жатады, жасаған кү­нәсі көп болуы ке­­рек» деуші еді. Баяғының ақсақалдары кө­­леңкеде отырып: «алпысқа келдік, пенсияға шықтық, же­геніміз ақ май, ішкеніміз қа­ғаз шәй, сәбидей мұңсыз қыл» дейтін еді. Мына заман аунап кетті ғой. Әлем қазір алақаныңда. Өз ортаңның емес, әлемнің тағ­дырына алаң­дайтын жасқа келдік. Соның ішінде жазушыға, драматургке уайымсыз, мұңсыз күн кешу қиын болар. Елдің мұңын ойлайсың. Көпшілікті ойлайсың. Құдай бұйыртса, ал­дағы уақытта да ғұ­мыр берсе, жазатын дүние жетіп жа­тыр. Елдің тойы тарқамағай, ел­дің мерейі үстем болғай, азамат аман болғай! Мен көптің бірі едім. Бүкіл ел боп құшаққа алып жа­тырсыздар. Сыр мен қыр қатар құ­шаққа алып жатыр. Алла разы болсын!» деп тебіренген сөзі көпті толқытып жіберді. 
Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев­тың мына сөзімен түйіндесек: «Орхон-Енисей жазбаларында: «Бегін сыйлаған халқы болса, хал­қын сыйлаған бегі болса – ол ел мәңгі болады» деген жазу бар екен. Мі­не, біз осы ұстаныммен жүріп ке­леміз. Отбасында, ортасында адами құндылықтарды насихаттай бі­лейік».
­
 

Тұрсын ҚАЛИМОВА,
Гүлзина ТҰРҒАНБАЙҚЫЗЫ