Негізгі бет  /  мақалалар  /  Нұротандықтар марапатталды

Нұротандықтар марапатталды

Айқын-ақпарат
1097
Нұротандықтар  марапатталды «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай салтанатты жиын өтті. Мерекелік шараға облыстық партия филиалының ұжымы, жасотандықтар, партия белсенділері мен жақтастары қатысты.

Облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орын­басары Ибадулла Құттықожаев жұртшылықты Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесімен құт­тық­тады. Сондай-ақ қоғамдық сая­си жұмыстарға белсене ара­ла­сып, ұлт Көшбасшысы, пар­тия Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жасам­паз идея­лары мен саясатын қолдап, «Нұр Отан» партия­сы­ның мақ­сат-міндеттерін жүзеге асыруға қомақты үлес қосқаны үшін бір­қатар партия белсен­ділері мен жақтастарын алғыс­хаттар­мен марапаттады.Мара­патта­лу­шылар атынан пар­тия жақ­тастары облыстық әділет де­пар­таменті басшы­сының орын­басары Тастыбай Лесеров және Қазақстан Қызыл ай қоға­мы Қызылорда облыстық филиалы­ның дирек­торы Абзал Байманов алғыс­тарын білдіріп, ел игілігі жо­лында «Нұр Отан» партиясы­мен бірлесіп аянбай қызмет жа­сайтындықтарын жеткізді.

 

Миуа БАЙНАЗАРОВА,

Қызылорда облысы