Негізгі бет  /  мақалалар  /  Заңдардың орындалуы басты назарда

Заңдардың орындалуы басты назарда

Айқын-ақпарат
1021
Заңдардың орындалуы  басты назарда Бүгін Парламент Мәжілісінің заңнама және сот-реформа комитетінің төрағасы Нұрлан Әбдіровтің басшылығымен «Нұр Отан» партиясы жанындағы құқықтық кеңестің кеңейтілген отырысы өтті.

 Кеңейтілген отырыста «Ақпаратқа қол жеткізу туралы», «Қоғамдық кеңестер туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР заңдарын орындаудың алғашқы нәтижелері талқыланды.

– Қазақстанның құқықтық жүйесіндегі аталған жаңа заңдар Н.Назарбаевтың Ұлт жоспары «100 нақты қадам» реформасын жүзеге асырудың маңызды бөлігін құрайды. 1 қаңтарда осы заңдар­дың қолда­нысқа енгізілгеніне бір жыл толады және аталған заңдар­дың бастамашылары біз – парла­мент депутаттары үшін бүгін осы дөңгелек үстелдің басында, осын­дай мүдделі тараптардың кең оты­рысында оларды қолда­ну­дың бі­рінші жылының нәти­жесін тал­қылау өте маңызды, – деп сөз бас­тады Н.Әбдіров.
Ол жергілікті жерлердегі жағ­дайды бақылау арқылы, осы заң­дардың қоғам үшін қажеттілігі жоғары екеніне көзі жеткенін айтты. Бұл заңдарды әзірлеуші ретінде бұның бәрін талқылауға және қажет кезінде заңнамаға қа­жетті түзетулер енгізу үшін жұмыс істеуге дайын екенін айтты.
Өз кезегінде Ақпарат және ком­муникациялар вице-ми­нистрі Алан Әжібаев «Ақпарат­қа қол жеткізу туралы» заңның негізгі мақ­саты еліміздің әрбір азаматы­ның мемлекеттік маңыз­ды ақ­паратқа еркін қол жеткізуге мүм­кіндік жасау екенін атап өтті.
Ал Парламент Мәжілісінің депутаты Мәулен Әшімбаев ол порталдардың қызмет етуі жөнінде бірқатар сын айтып, кемшіліктерді түзетуге ұсыныс­тарын білдірді.
– Ақпарат берудің сұрау салу, телефон соғу, интернет портал­да­рын пайдалану секілді бірнеше тә­сілі бар. Біз соның телефон ша­луын зерттеп, оның лайықты жұмыс істемей жат­қанын көрдік. Өйткені біраз мемлекеттік ор­гандар қызмет­керлерінің сұраған ақпаратты қалай беретінін және не сұрап тұрғанымыз жөнінде жалпы түсінігі болмады. Екінші мә­селе меморгандардың сайтта­рына толық ақпарат салын­бауда. Келесі сұрау салу тәсілі арқылы ақпарат алуға көп органдар 15 күнде жауап бер­мей жатады. Өздеріңізге мәлім мемлекеттік органдардың жұ­мы­сына баға беру, бюджет, құқықтық актілермен толық ақпараттандыру үшін төрт электронды портал құ­рылған. Алайда ондағы мәліметтер қабылдауға қиын. Оның тілін жеңілдету керек, – деді М.Әшім­баев.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңға қа­тысты ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төраға­сының орынба­сары Алик Шпек­баев пікір айтты. Оның сөзіне қарағанда елімізде тұрмыстық жемқорлық көрсеткішін айтар­лық­тай төмендеткен және әкім­шілік кедергілерді азайтып жатқан жемқорлыққа қарсы жүйе жа­салыпты. Оның айтуынша 2015 жыл мен 2016 жылдың соңғы 10 айында жемқорлыққа қарсы екі мың қызметкер жұмылдырылған. Жиынтық шығындар 48,5 млрд теңгені құраса, 32,6 млрд теңгеге баға­ла­натын мүлік тәркіленіпті.

 

Таңшолпан ТӨЛЕГЕН