Негізгі бет  /  мақалалар  /  Кәсіпкерлерге көмек көрсетіледі

Кәсіпкерлерге көмек көрсетіледі

Айқын-ақпарат
1115
Кәсіпкерлерге көмек көрсетіледі «Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық филиалының ұйымдастыруымен және облыстық кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің қолдауымен жергілікті кәсіпкерлермен басқосу өтті.

Шараны жүргізген «Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Арын Асқарбеков жиналғандарды ел Тәуелсіз­дігінің 25 жылдығымен құт­тықтап, жаңадан ісін бастағысы келетін жас кәсіпкерлерге қандай көмек жолдары бола­тыны және бүгінде ісін дөң­гелетіп отырған кәсіпкерлерді қандай проблемалар толған­дырып отырғандығы жайында еркін әңгімеге шақырды. Жиын­да Жамбыл облыстық кәсіпкерлік палатасының Агро­өнеркәсіпті дамыту бөлі­мінің басшысы Руслан Ра­хымбаев аймақта кәсіпкерлерді қолдау бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. 

Сондай-ақ ол келесі жыл­дан бастап Жамбыл облысы әкімдігі кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы жанынан жаңа «Туризм ақпараттық ор­талығы» ашылғалы отырған­дығын айтып: «2017 жылы Ас­тана төрінде өтетін ЕХРО – 2017 халықаралық көрмесіне ке­летін туристердің бірқатары өңірлерді аралайды. Міне, осы туристерге қызмет көрсететін мамандар да дайындалатын бо­лады», деді. Ол жас кәсіп­кер­лерге палата тарапынан қандай көмек болатындығын да атап өтті.

 

Ерман ӘБДИЕВ,

Тараз қаласы