Негізгі бет  /  мақалалар  /  Бақылау күшейіп келеді

Бақылау күшейіп келеді

Айқын-ақпарат
1063
Бақылау күшейіп келеді «Нұр Отан» партиясы Ақтау қалалық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясы мен Жемқорлыққа қарсы әрекет жөніндегі қоғамдық кеңесі биылғы жылы атқарған жұмыстарын қорытындылады.

Бақылау комиссиясының төрағасы Қуаныш Есетов пен қоғамдық кеңестің төрағасы Әзірбай Ораз партия мүшелері­мен бірге ағымдағы жылы атқар­ған жұмыстарын саралап, алдағы жоспарларымен бөлісті.
– Биыл «Нұр Отан» пар­тиясы Ақтау қалалық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясы өз жұмысын жүйе­лі түрде жүргізді. Негізгі бағыт-партия мүшелерінің арасында партия тәртіп мәсе­лелері және партия мүшесінің Әдеп ко­дексін насихаттау шеңберінде көптеген шаралар атқарылды, – дейді бақылау ко­мис­сия­сы­ның төра­ғасы Қуа­ныш Есетов. Одан бө­лек пар­тиялық бақылау ко­мис­сия­сы Ақтау қаласы бойын­ша қо­ғам­дық ғимарат­тар­дың мүм­кіндігі шек­теулі азаматтары­мыз­ға арналған пандус орнатылуын қадағалап, тексеріс жүргізді. 
Венера МИРЛАН,
Маңғыстау облысы