Негізгі бет  /  мақалалар  /  Жастар партия бағдарламаларын талқылады

Жастар партия бағдарламаларын талқылады

Айқын-ақпарат
989
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-да Елбасы жолдауы мен партияның сайлауалды бағдарламасын талқылады. Шара жастардың бойында ұлттық және азаматтық сана-сезімді қалыптастыруға, белсенді өмірлік ұстанымдарын дамытуға бағытталған.

Ұйымдастырушылар атап өткендей, Қазақстан Республикасының әрбір аза­маты мемлекеттік маңызы бар жобаларды іске асыруға қатысуы тиіс.

– Қазақстан Республикасы Тәуел­сіздігінің 25 жылдығы декларациясында атап өткендей, біздің ортақ мақсатымыз – Елбасының айналасында біріге оты­рып, «Мәңгілік ел» құндылықтарын сақтап, өзімізде бар ең қымбат нәрсе – егемендікті келешек ұрпаққа жеткізу. Бұл кездесу жастардың бойында жоғары әлеуметтік-мәдени және адамгершілік қасиеттерді, патриотизмді қалып­тастыруға, сайлауалды бағдарламаның ақпараттық мазмұнын арттыруға бағыт­талған, – деп атап өтті «Нұр» филиалы саяси кеңесінің мүшесі Мұхаммеджан Болысбек.
Партияның сайлауалды бағдарлама­сында стратегиялық маңызды бірқатар бағдарламалар бар екенін атап өткен жөн. Ол бағдарламалар: «5 институ­ционалды реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам», «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясат және басқа да бағдарламалар.
Өз кезегінде, «100 нақты қадам» ұлт жоспарында жастарды қолдау бойынша шаралар қарастырылған. «Жұмыспен қамту – 2020», «Бизнестің жол картасы – 2020», «Дипломмен ауылға», «Жасыл ел» бағдарламалары аясында жарты миллион жас қазақстандықтар қам­тыл­ған. «Қолже­тімді баспана» бағдарламасы аясында жас отбасыларға 3,5 мың пәтер берілген. 
– Еліміздің Президенті жасаған ре­формалар, қазіргі даму сатысында Қа­зақстанның алдында тұрған ең өзекті мәселелерді шешуге жол ашады. Әлемде орын алып жатқан түрлі ауыр жағ­дай­ларды көріп Қазақстанда тұрып жат­қаныңызға қуанасыз. «Мықты көш­басшылық басында тұрған бірлік пен келісім – міне осы XXI ғасырдағы қазақстандық табыстың негізгі фор­муласы» деген сөздер «Қазақстан – 2021» сайлауалды бағдарламасын қол­дауға шақырады, – деп қорытындылады ЕҰУ студенті, Таир Тасқали. 
Кездесуге жастар ұйымдарының көшбасшылары, ЕҰУ профессорлары, оқытушылары және «Нұр Отан» пар­тиясы Астана қаласындағы «Нұр» фи­лиалы Саяси Кеңес мүшелері қатысты.
Көркем ӨМІРӘЛІ