Негізгі бет  /  мақалалар  /  Мазаққа айналған «Михеил»

Мазаққа айналған «Михеил»

Берік БЕЙСЕНҰЛЫ
1827
Мазаққа айналған «Михеил» Одесса облысының экс-губернаторы Михаил Саакашвилидің украиндықтардан көңілі қалған сияқты.

Тіпті олар экс-губернатордың аты жөнін дұрыс атамайды екен. Саакашвилидің сөзіне сенсек, ол Украинаға келгенге дейін Михаил Николаевич болған. Ал қазір халық оны «Михеил Николозович» деп атайды. Сондықтан да ол өзін дұрыс атауды сұрайды. Төлқұжаттағы аты мен тегі де -Михаил Николаевич, ал Грузизияда оны жұрт Миша деп атап кеткен. Сондықтан да Одессаның экс-губернаторы бүгін украиндық билікке де, халыққа да қапалы. Орнынан түскеннен кейін тіпті ашуланшақ болып кеткен. Бұл жұртшылықтың пікірі.
-«Михеил Николозович деген кім? Мен бала шақтан бері Николаевич болып келе жатырмын. Сондықтан төлқұжаттағы аты-жөнім бойынша атағанды дұрыс көремін, - деді ол skrypin.ua тележобасында сөйлеген сөзінде.
Өз елі Грузияда Миша болған Саакашвили енді Одессаға келіп «Михо» атанған. Ал анығына келсек, «Михо» грузин анекдоттарындағы жағымсыз кейіпкер. Ол бірақ қандай сипаттағы сайқымазақ, ол жағын Михаил айтқысы келмеді.
Шындығына келгенде, Одесса губернаторлығынан кеткеннен кейін Саакашвилидің жағдайы тіпті қиындай түсті. Ол ел ішінде өзінің соңынан еретін халықты жинап, партия құрғысы келген. Бірақ Саакашвилидің соңынан еретін ешкім жоқ. Қайта оны жұртшылық мазақ етіп, қазір «Михо» деп атайды.
Ел ішінде алауыздық туғызып, Майдан алаңына келіп, митинг ұйымдастырып жүрген «Михо»- Мишаны алдағы уақытта ел билігі азаматтықтан айыруы мүмкін деген қауесет әңгіме де тараған. Мұндай жағдайда қайтпек керек?
Бар-жоғы бір жарым жыл ғана губернатор болған Михаил Саакашвили «егер мені азаматтықтан айырар болса, әуежайдың транзиттік залында тұрамын. Елді тастап ешқайда кетпеймін» деп мәлімдеме жасады. Шындығында АҚШ-тың айтағымен Одессаға келіп, басшы болған грузинді кім керек қылсын?! Расында бөгденің ақылы басқаға нан болмайды. Украинада сыбайлас жемқорлықты жойып, Украинада тәртіп орнатуды көздеген Сакашвилиге ел сенбейді. Өйткені өз еліндегі шенеуніктерге наразылығы күшейіп отырған халық АҚШ-тан нұсқауымен сайланған «Михоның» сөзін керек етпей отыр. Бірақ айтқанынын қайтатын Саакашвили емес. Елдегі саяси жағдайды толық реттеймін деген ойда. Ол халықты соңына ертіп, үкіметті ауыстырғысы келеді, тіпті қолдау күшейсе, болашақта Украинаның Президенті болғысы да бар.
Бірақ бұл сценарий әзірге сенімсіз. Ресейдің Үкімет басшысы Дмитрий Медведев «Одесса облысы губернаторының отставкаға кетуі маңызды саяси оқиға емес. «Одессаны көркейтемін» деп келген шенеуніктің рейтингі сөйтіп жағымсыз сипатта аяқталды, нөлге тең», -деп мәлім етті.
Расында Михаил Саакашвили қазір екі оттың ортасында қалды. Грузияға бара алмайды. Оған үш бап бойынша айып тағылып отыр. Украинадағы әрекеті мынау.
...Елінен қудаланған грузинді украиндықтар тұлға деп тани алмайды.