Басты  /  мақалалар  /  Ер денсаулығы–ұлт болашағы

Ер денсаулығы–ұлт болашағы

Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ
1782
Ер денсаулығы–ұлт болашағы Алматыда Қазақстан – Ресей Медициналық университетінде «Ер денсаулығы – Ұлт болашағы» атты дөңгелек үстел өтті.

Шара аталмыш университеттің аға оқытушы, философия ғылымдарының кандидаты Қарлығаш Нұрмұхаметованың бастамасымен ұйымдастырылды.
Философия мен медицина ғылымытүйісе байланысқан тақырыптың аясында ер азаматтар денсаулығына қатысты көптегенөзекті мәселелер көтерілді. Соның ішінде ерлердің денсаулығына орай, олардың дәрігерге қаралуға немқұрайлығы, ішкіліккесалынуы және тағы басқа мәселелер тақырып арқауына айналды. 


Жиі көтеріле бермейтін, бірегейтақырып аясында оқытушы Қ.Нұрмұхаметованың жетекшілігімен студенттер М.Дінмұхамед«Қазақ дүниетанымындағы азамат ұғымы», Б.Алимов «Ер адамның бойындағыауытқушылықтар мен ерлердің әлеуметтік проблемалары», А. Баймұқа «Феминизм мен маскулизмнің аражігі»,М.Сауқымбаева «Мінсіз ердің болмысы» атты ғылыми тұрғыда ізденген ойы терең,мазмұны бай баяндамаларымен бөлісті.
Дөңгелек үстелде С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дің эндокринолог- медицина ғылымының докторы, профессоры Жан Абылайұлы, уролог-андролог дәрігер Ерік Қартанбев, Қазақстан – Ресей Медициналық университетінің ғылым ісі жөніндегі проректоры Алма Машариповалар сөз алып, қазіргі кездегіерлер денсаулығына қатысты кәсіби пікірлерімен бөлісіп, студенттер баяндамасынабаға берді.
Студенттер мен білікті мамандарбірге талқылаған тақырыптың ауқымы кең, халыққа берер пайдасы зор, берері көп. Сарапшы мамандар, студенттер қаузағантақырыптың өзектілігін алға тартып, көктемде өтетін республикалық жасғалымдардың ғылыми конференциясында кеңейтіп өткізуді ұсынды. 

Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ,
суреттерді түсірген автор