Негізгі бет  /  мақалалар  /  Астана әлемді мойындатуға жақын

Астана әлемді мойындатуға жақын

Айқын-ақпарат
1141
Астана әлемді мойындатуға жақын Астанада «Нұр Отан» партиясының «Жоғары технологиялық даму» бағыты бойынша партиялық куратор комиссиясының отырысы өтті. Комиссия мүшелері «Астана Innovations» ЖШС UIT жұмысымен танысты.

 «Астана Innovations» – бұл Астананың инновациялық дамуының интеграторы. Smart Astana тұжырымдамасы қала қызметтерінің энергиялық тиімділігін арттыру, сондай-ақ шағын және орта бизнестің инновациялық мүмкіндіктерін дамыту жолымен қала халқының тіршілік сапасын арттыруға бағытталған.

– «Smart Astana «Астана қаласы әлемнің 50 «ақылды қалалары» рей­тингіне енуі бойынша, іс-шаралар жос­парын әзірлеу қажеттілігі туралы» Мем­лекет басшысының тапсырмасы бойын­­­­­ша, «Жол картасы» шеңберінде іске асырылып жатқан, Астананың тұрақты дамуының тұжырымдамасын ұсынды.
Бағдарлама халықтың өмір сапасын жақсартып, дәулетін арттыруға, Аста­наның инфрақұрылымын және қо­ғамдық қауіпсіздік деңгейін жақсарту мен жаңғыртуға бағытталған. Smart Astana жобасының негізі еуропалық ақыл­ды қалалардың даму моделі бол­ды. Олар 6 сипаттаманың өзара әрекет етуіне негізделген. Айталық, «ақылды эконо­ми­ка», «ақылды басқару», «ақыл­ды өмір», «ақылды мобильділік», «ақылды адамдар» және «ақылды қоршаған орта». Осы сипаттамалардың бірігуі «Smart қала» тұжырымдамасын береді. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр­ғандай, Smart City энергия қор­ларын, коммуналдық желілерге қызмет көрсету шығыстарын үнем­деуде және жолдарда апатты азай­туда тиімді реттеуші болып саналады, – деді Astana Innovations UIT ЖШС атқарушы директоры Алмас Әйменов.
Бүгінгі күні Astana Innovations АҚ Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен «Smart қаланың» 4 пилоттық жобасын іске асырды. Олар – «Smart емхана», «Smart мектеп», «Smart көше» жарығы және Smart payments. Іске асырудың негізгі ерекшелігі бұлар инвестициялық қаражат есебінен қаржыландырылады. 
«Smart емхана» жобасы уақтылы, маңызды, дәлелді медициналық ақ­парат ұсыну жолымен үздіксіз меди­циналық қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге және алғашқы дәрігерлік-са­нитарлық көмек тобын күшейтуге арналған.
«Smart емхана» шешетін басты мін­деттердің бірі – ол диагноз қою бары­сын­­да дәрігерге шұғыл түрде дұрыс шешім қабылдау үшін барлық қажетті эле­менттерді қамтитын құрал­ды ұсыну.
Жоба арқасында зертханалар өнім­ділігі айтарлықтай артады, зертханалық ақпараттық жүйенің емдеу-профи­лактикалық мекемесінің медициналық ақпараттық жүйесімен бірігуі бары­сында, зерттеу нәтижелерінің бірыңғай мәліметтер базасы емделушінің барлық емдеуші дәрігерлеріне талдау нәти­желеріне қолжетімділікті арттырады. 
«Smart мектеп» мынадай компо­ненттерден құралған: ҚББЖ (қолже­тім­ділікті бақылау және басқару жүйесі), бейнебақылау, e-асхана, е-кітапхана және жеке кабинет. Жоба мақсаты – қауіпсіздікті қамтамасыз ету және мек­теп процестерін автомат­тандыру. Smart payments бұл ком­муналдық қызметтерді электрондық форматта төлеу, ол пайда­ланушыға сумен жабдықтау, суды кетіру, газбен жабдықтау, коммуналдық қал­дықтарды шығару, тұрмыстық-пай­далану шы­ғыстары, электроэнергия, жылу, теле­коммуникация қызметтері үшін шот­тарды төлеуге мүмкіндік береді.
Астана Innovations қабырғасында өткен отырыс аясында комиссия мү­шелері елордада жаңа технологияның дамуына көз жеткізді. 
– Елбасы, ұлт Көшбасшысы Аста­наның әлемдегі 50 интеллектуалды және заманауи елдері қатарына енуін міндеттеді. Президент тапсырмасымен 2017 жылы «ақылды қала» жобасы аясында EXPO – 2017 құрылысын қам­тамасыз ету тапсырылды. «Ақылды қала» бұл, ең алдымен әрбір қала тұр­ғыны өзін еркін сезінетін, жайлы және қауіпсіз қала. Астана Торонто, Син­гапур, Нью-йорк, Токио сияқты өз­дерін мойындатқан интеллектуалды мегапо­листермен бір деңгейде тұруға талпы­нып, жаңа мәртебеге қарай сенімді қадамдар жасап келеді. «ақыл­ды қала» жобасы аясында 2017 жылы бірқатар жобалар іске асырылады. Олар WI-FI қалалық желісі, жолау­шылар жолының шамдары, School Bus жобасы, «Доктор жаныңда» және тағы басқалар. 
EXPO аясында «ақылды қала» интеллектуалды алаңдарының пайда болуы халық және қала тұрғындары үшін қауіпсіз және өте тиімді болып, туризмнің дамуына, шетелдік инвес­тицияларды шақыруға үлкен септігін тигізеріне біз сенімдіміз, – деді «Жо­ғары технологиялық даму» партиялық  ко­мис­сияның кураторы, Ас­тана қалалық мәслихат депутаты Илья Мещеряков.

Жолдасбек ӘШІМХАНҰЛЫ