Негізгі бет  /  мақалалар  /  Іскер әйелдер қауымдастығы қамқорлығына алды

Іскер әйелдер қауымдастығы қамқорлығына алды

Айқын-ақпарат
1145
Іскер әйелдер қауымдастығы қамқорлығына алды Атырау қаласында Сабыр Қазыбаев атындағы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернатта партияның және Іскер әйелдер қауымдастығының ұйымдастыруымен кездесу өтті.

Іс-шара «Бақытты балалық шақ» партиялық жоба және ел Тәуелсіз­дігінің 25 жылдығына аясында өтті. Енді Іскер әйелдер қауымдастығының мүшелері балаларға рухани-мәдени тәрбие беру ісіне араласпақ.

Олар материалдық қолдаудан басқа балалар үшін түрлі экскурсиялар ұйымдас­тыруды жоспарлап отыр. Со­лардың бірі – болашақ мамандықтарын таң­дауға бағыттау мақсатында жеткін­шектерді өздері басқаратын өндірістік мекемелер жұмысымен таныстыру.
 Біз балаларға ана болғымыз келеді. Балалар үйінде барлық жағдай жа­салған. Біз өз тарапымыздан оларға мейі­рім, отбасындағыдай тәрбие бер­гіміз келеді. Жазда демалыс лагерь­леріне жіберіп, жексенбі күндері, демалыс кезінде үйлерімізге қонаққа шақыратын боламыз, – дейді «Нұр Отан» партиясы облыстық фрак­циясының мүшесі Әлия Бекқожиева. 
Кездесу барысында «Жанашыр» жобасы аясындағы өзара ынты­мақ­тастық меморандумына қол қойылды.
Бүгінде Сабыр Қазыбаев атындағы жетім және ата-анасының қамқор­лығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернатында 44 бүлдіршін тәрбиеленуде.

nurotan.kz