Негізгі бет  /  мақалалар  /  Жаңа мүшелерді қабылдады

Жаңа мүшелерді қабылдады

Айқын-ақпарат
1075
Жаңа мүшелерді қабылдады «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесі қарсаңында партия қатарына бірқатар азаматтарды салтанатты жағдайда қабылдады.

 Олардың қатарында мәдениет, спорт саласының мамандары мен үкіметтік емес ұйымдар, БАҚ өкілдері бар. Салтанатты шарада Қырымбек Кө­шербаев партия қатарына жаңадан қабылданған азаматтарды Тәуел­сіз­діктің 25 жылдық мерекесімен құт­тықтап, Мемлекет басшысы, партия Төрағасының стратегиялық жоспарын жүзеге асыру жолында белсенді жұмыс жасауға шақырды.

 «Сіздер партия мүшесі ретінде, экономикалық дамудың жоғары қарқынын және барлық азаматтардың әл-ауқатын одан әрі қамтамасыз етуді өздеріңе ел алдындағы міндет деп түсінулеріңіз қажет.

 Сыр өңірі талай сындарлы сәтте сыр бермей, тиісті міндеттерді табысты игерген. Жерді ғана емес, ғарышты да игеруге жол салған киелі мекен. Ең бастысы – Елбасы «Сыр – Алаштың анасы» деп бағалаған, қазақылықтың қайнар мекені. Осындай омыраулы аймақтың өсіп-өркендеуіне партия мүшесі ре­тінде сіздердің де лайықты үлестеріңіз болатынына сенемін» деді партиялық билеттерді табыстаған облыс әкімі Қырымбек Көшербаев.

Партия қатарына қосылған азамат­тар ішінде танымал журналист, Қор­қыт ата атындағы ҚМУ-нің бас­пасөз хат­шысы Гауһарай Есімова да бар. «Нұр Отан» партиясының мүше­лігі­не өткен біз алдағы уақытта ай­мағымыздың әлеуметтік-эконо­микалық, рухани-мәдени дамуына өз үлесімізді қосамыз. Үмітті ақтап, сенімді кез келген ке­дергіге семсер ете­міз. Бүгінге дейін, халықтың ар­қасүйеріне айналған партияны қол­дап, жұмысын жетілдіре түсетін бола­мыз» деді ол.
– Алдымыздағы ұлы мақсаттарды орындауда сіздермен әрқашан бірге болу үшін халықтың сеніміне, тәуел­сіздіктің тірегіне айналған «Нұр Отан» партиясына өтуге бел байладым. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерекесі қарсаңында маған үлкен сенім артып, «Нұр Отан» партиясының қатарын толықтыру мен үшін үлкен құрмет деп санаймын және бұл сенім маған үлкен жауапкершілік жүктейді, – деді партия қатарына өткен ауған соғысының ардагері Қуанышбек Сыздықов.
Салтанатты шара барысында жа­қында Астана қаласында Елбасының қатысумен өткен республикалық Жас­тар форумының қатысушысы, «Жас Отан» Жастар қанатының мүшесі, Назарбаев зияткерлік мектебінің мұ­ғалімі Бағдат Әбілов партия қатарына қабылданған жаңа мүшелерге жылы лебізін білдіріп, форумда алған әсері­мен бөлісті. 
Шара соңында, партияның жаңа мүшелері «Атамекен» әнін шырқап, естелік суретке түсті.

 

Миуа БАЙНАЗАРОВА,

Қызылорда облысы