Негізгі бет  /  мақалалар  /  Жаңа форматтағы баспасөз орталығы ашылды

Жаңа форматтағы баспасөз орталығы ашылды

Айқын-ақпарат
1189
Жаңа форматтағы баспасөз орталығы ашылды «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалының базасында ашылған Баспасөз орталығы партияның жаңа медиалық саясаты аясында жүзеге асырылып, партия мен бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы өзара байланысты нығайтуға бағытталып отыр.

 Бүгін алғашқы баспасөз конфе­ренциясын ашып, жүргізген «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары Станислав Канкуров бұл пікіралмасу алаңы барлық БАҚ өкілдеріне маңызды мәліметтер мен деректерді шұғыл түрде алуға және ақпараттық тұрғыда пікірал­масуға толық мүмкіндік туғызатынын атап өтті.

«Елбасы, «Нұр Отан» партия­сының Төрағасы Н.Назарбаев «100 нақты қа­дам» Ұлт жоспарында белгі­леген «Ашық және халыққа есеп беруші мемлекет» ба­ғыты аясында партияның қалың жұрт­шылық алдындағы жария­лылығын қамтамасыз ету – баспасөз орталығының басты мақсаты» деді С.Канкуров өз сөзінде. «Нұр Отан» партиясы АҚФ бас­пасөз хатшысы Қайым-Мұнар Табеевтің айтуы бойынша, халық үшін аса маңызды мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы, жаңа қабылданған заңдардың жергілікті жерлерде қолда­нылуы, қалалық бағдарламалардың ен­гі­зілуі, басқару қызметінің тиімділігін арттыру сияқты көптеген мәселелер БАҚ-тардың қатысуымен кеңінен тал­қыланатын болады. 
«Сонымен қатар бұқаралық ақпарат өкілдері қалалықтардың жауап алғысы келетін аса өзекті мәселелеріне арналған тақырыптарды таңдап, ұсына алады. Партияның брифинг алаңына өзекті мәселелер бойынша мемлекеттік орган жетекшілері де шақырылып, пікірлері тыңдалмақ» деді ол.
Баспасөз конференциясы бары­сында «Айқын» газеті Бас редакторының орынбасары Берік Бейсенұлы, «Мило­сердие» қайырымдылық қорының же­текшісі, блогер Аружан Саин, Алматы қаласы ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек сөз сөйлеп, жаңа баспасөз орталығының жұмысына табыстар тіледі. «Баспасөз орталығының қолжетім­ділік принципін басшылыққа ала оты­рып, барлық үкі­мет­тік емес ұйымдар мен қайырымды­лық қоғамдары үшін ақысыз негізде қыз­мет көрсетуі туралы ниеті бәрімізді қуантып отыр. Өйткені «Нұр Отан» пар­тиясы мен қоғамдық ұйымдардың әлеу­меттік салаларға қа­тысты мүдделері ортақ. Сол себепті, біз сияқты шағын ұйым­дар үшін үлкен көмек» деді Аружан Саин.