Негізгі бет  /  мақалалар  /  Болашаққа бастар даңғыл

Болашаққа бастар даңғыл

Айқын-ақпарат
863
Қазақстан өзінің Тәуелсіздігінің 25 жылында әлем танитын, санасатын әрі мойындайтын мәртебелі мемлекет атану жолында бірқатар белестерді бағындырды.

Сынақтардан өтті және алға қойған мақсатына жетті. Осы орайда «Нұр Отан» партиясының Сарқан аудандық филиалы мерейтойлық жылда ауқымды әрі маңызды шараларды жүзеге асырып, егемендікпен бірге енген төл тарихымыздың жаңа парақтарын жастарымыздың санасына сіңіруде.

«Нұр Отан» партиясының желілік кестесіне сәйкес, Сарқан ауданының ор­талығындағы гуманитарлық кол­леджде ғимаратында аудандық мәс­лихат де­путаттарының аудан жаста­рымен «Мәң­гілік ел – жарқын бола­шаққа бастар жол» тақырыбында өткізген жиы­нында да еліміздің өткені сарала­нып, бүгінгі биік­тері ортаға салынып, алдағы асу­ларына болжамдар жасалды. 
Жиынды «Нұр Отан» партиясы Сар­қан аудандық филиалы төраға­сының бірінші орынбасары Мұрат Түсіпов ашып, Елбасымыздың Мәң­гілік ел идеясы туралы толғана әңгімелеп, жарқын бастаманың бүгінгі ұрпаққа жүктер міндеттері мен маңыз­дылығына жан-жақты тоқталды. 
Аудандық мәслихат депутаттары Аслан Абдрахманов, Сәния Аблай­ханқызы халық қалаулысы ретінде өздерінің жетек­шілігімен жүзеге асырылып жатқан игілікті істер туралы баяндап, Тәуел­сіздігімізді мәңгілік етуде жастардың алдында тұрған міндеттердің мәнін ашуға тырысты. 
Аудан жастары Пре­зидентіміздің Қазақстанды әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына қосуды көз­деген бас­тамасына мүмкін­діктерінше өз үлестерін қосатындықтарын жеткізді. Еліміздің жарқын болашағы жолында ерлік пен өрліктің үлкен үлгісін көр­сеткен аға буынның ар­маны-мақсаты­ның жетістігі болып са­налатын ең басты құнды­лығымыз – тәуелсіздігімізге тәу ете оты­рып, оның баянды болуына, елі­міздің Мәңгілік ел атануына атсалысып, аянбай еңбек ететіндіктерін айтып қа­луға асықты. Олардың жігері мен ізде­нісіне, ертеңге деген сеніміне қарап отырып, тәуелсіз Қазақстанның бәсе­кеге қабілетті жаңа экономикаға бейім­делген білімі заман талабына сай, білік­тілігі жоғары жас­тарының қатары ны­­­­­­ғайып келе жат­қандығына қуанасың. 

Болат АБАҒАН, 
Алматы облысы