Негізгі бет  /  мақалалар  /  Партия жастарды қолдайды

Партия жастарды қолдайды

Айқын-ақпарат
1387
Партия жастарды қолдайды Жезқазған қаласындағы «Технологиялар мен қызметтер» колледжінде «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалы «Жас Отан» Жастар қанатының белсенділері арасында пікірталас турнирі өтті.

Турнир Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған. Іс-шараға студенттер қатысып, «Жасөспірімдер арасындағы жүктіліктің алдын алу», «Интернеттегі әрекеттері үшін жауапкершілік», «Маскүнемдік және нашақорлық» тақырыптары талқыланды.

Байқаудың мақсаты – жастардың шығармашылық қабілеттерін қолдау, өзекті мәселелерге жастардың назарын аудару, жоғары моральдық жас ұрпақ­тың қалыптасуына ықпал ету.
«Жастар арасында пікірталастардың өткізіліп тұруы жастардың өз сөйлеу дағдыларын танып білу мүмкіндігін арттырады, қазіргі заманның өзекті мәселелері бойынша өз ойларын біл­діруге үйретеді. Пікірталас моральдық құндылықтарын насихаттауға ықпал ету, сондай-ақ жастардың санасында оларды нығайту үшін қажет. Өткен дебатқа қатысушылардың арасында жеткілікті тәжірибелі жігіттер бар­шылық. Бірақ олардың ішінде бұның барлығын өздері үшін «жаңа дүние» деп танып жатқандар да бар» дейді «Нұр Отан» партиясы Жезқазған қала­лық филиалының бірінші орынбасары Гүлмира Қаженова.
Облыстағы қалалар мен аудандарда, жоғары оқу орындары мен колледж­дердің базасында «Жас Отан» Жастар қанаты ұйымдастырған пікірталас форумдары жастар және азаматтық қоғам өкілдері арасында көп қолдау табатынын атап айту керек. Мысалы, Жастар клубының отырыстарына «Ер­кін пікір» талқылауына үнемі құқық қорғау, атқарушы органдарының өкіл­дері, мәслихаттардың депутаттары, үкі­меттік емес ұйымдар қатысып ке­леді. 
Жамбыл ҚЫРҒЫЗБАЙ