Негізгі бет  /  мақалалар  /  Көп күттірген жеңіс

Көп күттірген жеңіс

Ғалым СҮЛЕЙМЕН
808
Көп күттірген жеңіс Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) күш сынасып жүрген Астананың «Барысы» кезекті тур ойындарын Екатеринбургте өткізіп, жергілікті «Автомобилист» клубын 4:3 есебімен ұтты.

Осыған дейін жерлестеріміз қата­рынан үш рет жеңілген еді. Сол себепті де Ека­теринбургте өтетін бәсекені қазақ­стандық жанкүйерлер тағатсыздана күтті. Бұл жолы біздің жігіттер үкілі үмітімізді ақтады. Алғашқы кезеңде «Барыс» екі шайба соқты. Бұл голдың авторлары – Иван Кучин мен Роман Старченко. Үзілістен кейін қос команда нысананы екі реттен дәл көздеді. Жерлес­теріміз арасынан Кори Тривино мен Константин Пушкарев мергендік танытты. Үшінші кезеңде айдын иелері гол соққанымен, сол есеп матчтың со­ңына дейін сақталды. 

Осы күнге дейін 37 кездесу өткізген «Барыс» 50 ұпайға иелік етіп отыр. Қазіргі кезде астаналық клуб тұрақты біріншілікте 18 орынды иеленуде.