Негізгі бет  /  мақалалар  /  Өтініштерге құлақ түрді

Өтініштерге құлақ түрді

Айқын-ақпарат
1171
Өтініштерге құлақ түрді Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық филиалы «Жамбыл жол бөлімшесі» бастауыш партия ұйымында азаматтарды жеке сұрақтармен қоғамдық қабылдау өтті.

Шарада партияның Тараз қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Арын Асқарбеков, партия облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлімінің жетекшісі БақытТөлемісова, Тараз қалалық мәслихатының депутаты Марат Мырзахметов және аталған мекеменің Бастауыш партия ұйымы төрағасының орынбасары Нуриддин Қожановтартемір жол саласының қызметкерлерін қабылдап, қайырылған азаматтардың өтініштеріне құлақ асты. Қабылдауда Ерсін Жетпісбаев үштен асқан баласын әлі күнге дейін балабақшаға орналастыра алмай жүргендігін қынжыла жеткізді.

- Мен 9 мөлтек ауданның тұрғынымын. Балам туыла салысымен №1 балабақшаға кезекке қойған болатынбыз. Дегенмен кезек келгенде 10 мөлтек ауданда орналасқан №49 мектептің шағын орталығына жіберді. Ол толық бала бақша емес қой. Бұл бірінші мәселе. Ал екінші мәселе, мен ауысымдық жұмыс жасаймын. Сондықтан әйелім ол баланы шағын орталыққа алып бара алмайды. Себебі, одан кейін 2 жасар және 2 айлық балаларым бар. №1 балабақша тура үйіміздің жанында еді. Неліктен кезекке тұрған балабақшаға жібермегенін түсінбеймін, - дейді Ерсін Жетпісбаев. Оның өтінішін тыңдаған партия қызметкерлері қалалық білім бөлімінен жағдайдың мән-жайын сұрап, анықтап беретіндіктерін жеткізді. Сондай-ақ олар кезегі келген балаларға жылдың мамыр және қыркүйек айларында жолдама берілетіндігін де түсіндіріп өтті. Ал Байзақ батыр көшесі 190/7 үйдің тұрғыны Ақбөпе Қасымбекова да балабақша мәселесін көтере келіпті. Оның да өтінішіне партия өкілдері тұщымды жауап берді. Менделев көшесінің 3 бұрылысында тұратын Перизат Қыдырбаевакезек бойынша жер алу мәселесін айта келген екен. Ол 2012 жылы кезекке тұрған екен. Аталған мәселе бойынша қалалық филиал төрағасының бірінші орынбасары Арын Асқарбеков қазіргі таңда шаһарда 2006 жылы кезекке тұрғандарға жер беріліп жатқандығын тілге тиек етті. Сондай-ақ ол жер беру мәселесінде кезектің жай жылжуының себебін берілетін жер учаскелерінің инфрақұрылымымен байланыстырды. Себебі, қаламызда кезекте тұрғандарға жерді бермес бұрын инфрақұрылымын жүргізіп барып беру жолға қойылған. Қабылдауға келгендерге тұшымды жауаптар қайтарылды.

Ерман Әбдиев, журналист,

Тараз қаласы

Суретке түсірген автор