Негізгі бет  /  мақалалар  /  Қазақстанның үш қаласында жер сілкінісі сезілді

Қазақстанның үш қаласында жер сілкінісі сезілді

Айқын-ақпарат
854
Қазақстанның үш қаласында жер сілкінісі сезілді  Зайсан, Талдықорған мен Жаркент қалаларында жер асты дүмпуі сезілді.

ҚР БҒМ Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансаларының тіркеуі бойынша, зілзала Алматыдан 757 шақырым қашықтықта Қытай аумағында болған. 8 желтоқсан күні 11 сағат 15 минутта болған жер сілкінісінің энергетикалық класы - 14,4. Магнитудасы - 6,1. Тереңдігі 5 шақырым. Зайсанда 3 балл, Талдықорған мен Жаркент қалаларында 2-3 балдық жер асты дүмпуі сезілді.

inform.kz