Негізгі бет  /  мақалалар  /  Әкеге қарап ұл өсер

Әкеге қарап ұл өсер

Жолдасбек Дуанабай
1458
Әкеге қарап ұл өсер Баланың қадірін білетін қазақ отбасылары үшін бұл зерттеудің маңызы зор. Шыңырақтың шайқалмауына әке мен баланың тамаша тәрбиесі керектігін ежелден құлаққағыс жасаған ұлтымыздың өсиеттерін тіпті шетел ғалымдары да дәлелдеп жатыр.

Техас университетінің ғалымдары баласы бар ер-азаматтарды ұлдарын үнемі қолдап отыруға шақырды. Өйткені әкелердің жылы сөзі мен қолдауы олардың келешекке сенімін қалыптастырып, жақсы оқуына ықпал етеді. Бұл тұрмысы нашар отбасылардан 183 оқушы қатысқан зерттеулер барысында анықталды.
Оқымыстылар еріктілердің сенім деңгейі мен ынта-ықыласын бағалап, олардың әкелерімен өзара байланыстарын да зерттеген. Нәтижесінде әкелерінің қамқорлығына бөленген қыздар математикадан, ұлдар ағылшын тілінен жақсы бағалар алатындығы анықталған.
Әкелердің ыстық ықыласы қыздарды жан жақты болуға ықпал етсе, ұлдарды пысыз әрі өзіне сенімді болуға ынталандырады екен. Ал, қазақтың әкелері ертеден ел азаматтарын тәрбиелеген. Осы дәстүрден ажырамау бәрімізге сын.