Негізгі бет  /  мақалалар  /  Бас прокурор мұны «сұмдық жағдай» деп атады

Бас прокурор мұны «сұмдық жағдай» деп атады

Айқын-ақпарат
850
Бас прокурор мұны «сұмдық жағдай» деп атады Қазақстанның Бас прокуроры Жақып Асанов сейсенбі күні болған өзін-өзі өртеу актісін «сұмдық жағдай» деп атады.

"Қазір оның тезірек сауығып кетуін күтіп отырмыз. Қажет болса, көмек көрсетеміз. Бұл мәселемен өзім айналысамын, бірақ алдын ала оған қатысты заңсыз шешім қабылданды дей алмаймын. Қалай болғанда да, сот үкімі шығарылды. Біз бәрін мұқият қарастырамыз", — деп сендірді ол.

Асановтың сөзіне сүйенсек, қазіргі уақытта прокуратура "арыз-шағымның астында қалды", сол себепті "адамдар мемлекет қолдауын сезіну үшін орасан зор жүйелік өзгерістер" қажет.

Астанада 48 жастағы әйел үстіне бензин құйып, тапа-тал түсте Бас прокуратура алдында өзін өртеп жіберді. Майра Рысманова есімді келіншектің мұндай қадамға баруына есірткі саудасы үшін сотталған ұлы себеп болған.

Нұр.кз