Негізгі бет  /  мақалалар  /  Трамп Пентагонды басқаратын адамның есімін атады

Трамп Пентагонды басқаратын адамның есімін атады

Айқын-ақпарат
1036
Трамп Пентагонды басқаратын адамның есімін атады АҚШ-тың сайланған президенті Дональд Трамп отставкадағы генерал Джеймс Мэттисті қорғаныс министрінің қызметін атқаратын үміткер ретінде атады.

АҚШ-тың сайланған президенті Дональд Трамп отставкадағы генерал Джеймс Мэттисті қорғаныс министрінің қызметін атқаратын үміткер ретінде атады. Бұл туралы саясаткердің өтпелі кезеңдегі командасы мәлімдеді. «Әскери стратегиямыз табысты болуы үшін бізге қорғаныс министрлігін басқаратын жөні түзу адам керек. Сол себепті генерал Джеймс Мэттисті қорғаныс министрінің қызметіне үміткер етіп ұсынатынымды қуана хабарлаймын», - деген Трамп. «Құтырған төбет» деген лақап аты бар Мэттистің үміткер болуына байланысты Конгресс заңға өзгеріс енгізеді. Себебі осыған дейінгі заң бойынша үміткер болар алдында 7 жыл бойы әскери қызмет атқарған адам Пентагонға басшы бола алмайды. Себебі Мэттис 2013 жылғы көктемде отставкаға кеткен.

Дайындаған: Г.Абилова
24.kz