Бірқатар өңірдің жолдары жабылды
Айқын-ақпарат
970

Шығыс Қазақстан облысында 5 желтоқсан күні сағат 13:15-тен бастап ауа райының бұзылуына байланысты (қарлы бұрқасын) респбуликалық маңызы бар «Алматы-Өскемен» жолында (971-1047 шақырымы аралығы, Қалбатау кентінен Ұлан ауылына шейін) қоғамдық және жүк көліктерінің қозғалысы шектелді. 6 желтоқсанда сағат 20:00-ден бастап күн райының бұзылуына байланысты (боран, жолдың көрінбеуі) облыстық деңгейдегі «Күршім-Қалжыр» (0-131 шақырымы) жолында барлық көліктердің жүруіне тыйым салынды. Қызылорда облысында 6 желтоқсанда сағат 12:30-дан бастап жолды су басып кетуі салдарынан облыстық деңгейдегі «Жалағаш-Жосалы» автожолында барлық көліктердің қозғалысы шектелді.
inform.kz